Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Алтын күз" сурет көрмесі
17
қазан
2023
"Алтын күз" сурет көрмесі
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектептің 5-7 сынып оқушыларының “Алтын күз” тақырыбында сурет көрмесі ашылды. Бұл іс-шараның мақсаты: оқушыларды шығармашылыққа шақыру, табиғатты сүю, қорғау және аяулау. Оқушылардың салған суреттері ерекше болып, кейбір оқушылар адамның табиғатпен байланыста екенін көркем түрде жеткізген.
Мектепішілік зияткерлік сайыс өткізілді
12
қазан
2023
Мектепішілік зияткерлік сайыс өткізілді
Алатау ауданы М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектептің 6- сынып оқушылары арасында «Әқил-ой мәшиғи» тақырыбында математика пәнінен мектепішілік интеллектуалды сайыс өтті. Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.  
Математика, информатика,физика пәндер бірлестігінің онкүндігі
11
қазан
2023
Математика, информатика,физика пәндер бірлестігінің онкүндігі
М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектепте «Математика, информатика,физика пәндер бірлестігінің онкүндігі» салтанатты түрде ашылды. Онкүндіктің мақсаты пәндердің талапқа сай оқытылуын қамтамасыз ету болып табылады. Ашылу салтанаты барысында онкүндік ішінде өтілетін ашық сабақтар, сабақтан тыс іс-шаралар таныстырылып өтілді  
"Жолда жүру ережелері" тақырыбында түсіндірме жұмыстары
11
қазан
2023
"Жолда жүру ережелері" тақырыбында түсіндірме жұмыстары
Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі - ең басты байлық. Сол себепті балалардың өмірінің қауіпсіздігі дағдыларын мектеп жасынан қалыптастыру қажет. Осы мақсатпен бүгін М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектептің 4 сыныптар арасында «Жолда жүру ережелері» атты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: .Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен жүре білуге үйрету.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға
Дублер күні өткізілді
05
қазан
2023
Дублер күні өткізілді
Мектебімізде дублер күні өтті. Осы күні “Өзіні өзі басқару” ұйымы барлық сабақтарда мұғалімдерді алмастырды. Осы жауапты іс-шараға балалар көп дайындалды: олар мұғалімдердің басшылығымен сабақ кестесін құрып, әр сабақтың жоспарын жазды. Тәңертеннен бастап мектепте ерекше атмосфера орнады, қыздар сәнді киініп, ұлдар костюмде галстук тағып осы күнді қызықты да, мазмұнды жетіп көрсетуге тырысты. Осы күні мектептегі тәртіп биік деңгейде болды. Дублер күні - бұл оқушылар нағыз мұғалімдер бола алатын
"Ұстаздарға мың алғыс" атты челлендж
05
қазан
2023
"Ұстаздарға мың алғыс" атты челлендж
Ардақты да, аяулы  ұстаздар қауымы! Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Ұстаздық – ойласаң, ой жетпейтін, сөйлесең – сөз жетпейтін ұлы мамандық. Ұстаздың күнделікті көзге көрінбейтін, елеусіз еңбегі ел болашағын қалыптастырады. Шәкірттеріңізді заман ағымына сай тұлға етіп тәрбиелеу кезінде сәттілік серіктеріңіз болсын!  Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Істеріңіз оңынан болсын! Әрқашан абыройлы болып, мәртебелеріңіз арта берсін!
“Қарты бар үйдің- қазынасы бар”
03
қазан
2023
“Қарты бар үйдің- қазынасы бар”
1 қазан “Қарттар күніне” орай М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектепте “Қарты бар үйдің- қазынасы бар” атты фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылды.
Қыздар жиналысы
29
қыркүйек
2023
Қыздар жиналысы
2023 жылғы 29 қыркүйек күні №150 ЖББ мектебінде «Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесі» тақырыбында қыздар жиналысы болып өтті. Жиналысқа 7-11 сынып қыз балалары қатысты. Аталмыш шараны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Низамдунова П.И. ашып, сөз сөйледі. Өз сөзінде қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қоғамда қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды тілге тиек ете отырып, қыздардың тән мен ар тазалығы туралы түсіндіріп, бесігінде жақсы тәрбие алған қыз бала ертеңгі ана
Қарттарды құттықтады
28
қыркүйек
2023
Қарттарды құттықтады
Қазан айының алғашқы мерекелерінің бірі ол біздің үлкен аталарымызбен апаларымыздың мерекесі. Бірінші қазан қарттар мерекесімен құттықтап, М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектептің “Өзін өзі басқару” ұйымы арнайы дайындаған ашық хаттарды таратты. Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
"Қарттарым-асыл қазынам" эссе байқауы
27
қыркүйек
2023
"Қарттарым-асыл қазынам" эссе байқауы
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектепте Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды. Байқау барысында 7 «А» сыныбының оқушылары белсенділік танытты. Оқушылар эсседе құрметті жас – даналықтың жасы екенін көрсетіп, ата-әжелері жақсы және пайдалы нәрселерді үйреткені туралы айтып берді.