18
қазан
2023
Аудандық Ұланбасылар кездесуі
17.10.2023 ж Алатау ауданы білім бөлімі және № 1 Оқушылар үйінің « Жас Ұлан, Жас Қыран» ББЖ ұйымының ұйымдастыруымен аудан мектептерінің Ұланбасылары мен көмекшілерінің кездесуі болып өтті. Мақсаты: еліміздің белсенді жастарының бастамаларына қолдау көрсету, көшбасшылық біліктіліктерін , отансүйгіштік сезімдерін дамытып, өңірлердегі балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының өкілдері арасында ынтымақтастығын үйымдастыруға ұйтқы болу.
Кездесу барысында М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектеп ұланбасы мен көмекшілері алдағы 2023-2024 оқу жылына арналған «Жеті бағыт» бойынша жұмыс жоспарларымен таныстырып, алға қойған мақсаттарымен бөлісті.
