Наурыз
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай 6 “А” сыныбында “Ынтымақ – бірліктің негізі” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Бұл шараның мақсаты – оқушыларға Наурыз мейрамы мән-маңызын түсіндіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ бірлік пен татулықтың қоғамдағы рөлін ұғындыру болды. 🤝 Тәрбие сағаты барысында оқушылар Наурыздың шығу тарихымен танысып, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы мәлімет алды. Сонымен қатар, бірлікке, достыққа шақыратын тапсырмалар орындап, өз ойларымен бөлісті.