Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына" орай өткізілген әдеби кеш
05
қазан
2022
"Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына" орай өткізілген әдеби кеш
   Алматы қаласы, Алатау ауданы №150 ЖББ мектепте қазақ халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, ақын Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына орай қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері жетекшілігінде оқушылармен бірлікте әдеби кеш өткізді. Оқушылар мен ұстаздар ақынның  ұлттық рухқа, сезім, көңіл-күй лирикаларына негізделген жырларын оқып, жырсүйер қауымның қошеметіне бөленді. Автордың тыңдармандарға кеңінен танымал әндері шырқалды, «Шың басындағы оқиға» өлеңіне сахналық қойылым көрсетілді.
"Ұстаздар күні"
03
қазан
2022
"Ұстаздар күні"
Алматы қаласы,Алатау ауданы №150 ЖББ мектепте «Ұстаздар күніне» орай мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шара мектебіміздің «Шәбнәм» бишілер тобының орындауындағы бимен басталып, оқушылар ұстаздарына арнап өлеңдер айтты. Мектебіміздің директоры Имашев М.А. ұстаздар қауымын мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Бастауыш сынып оқушылары болса, арнайы хор дайындап, «Ұстаз» әнін орындады. Мектеп табалдырығын жаңадан аттаған бүлдіршіндеріміз де өз би, әндерін ұстаздарына тарту етті. Іс-шара
"Сөздің көркі-мақал" зияткерлік ойын сайысы
23
қыркүйек
2022
"Сөздің көркі-мақал" зияткерлік ойын сайысы
Алматы қаласы Алатау ауданы М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектебінде тілдер мерекесіне орай және қазақ тіл апталығына байланысты "Сөздің көркі-мақал" атты интеллектуалды ойын сайысы ұйымдастырылды. Мақал мәтелдер сайысына 6-7 сынып оқушылары қатысты. Қатысушы оқушылары мақал мәтелдерді жатқа айтып, өз білімдерін көрсетті. Сайысты қазақ тіл мен әдебиет пәнінің мұғалімі Мурадилова А.М. жүргізді. Сайысқа әділ бағасын беріп, оқушыларды бағалаған ұйғыр тіл мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Момунов Я.Т.
22 қыркүйек-Тілдер мерекесі
20
қыркүйек
2022
22 қыркүйек-Тілдер мерекесі
22 қыркүйек-Тілдер мерекесіне орай өткізілген іс-шара.  
1-қыркүйек-Білім күні
01
қыркүйек
2022
1-қыркүйек-Білім күні
1-қыркүйек "Білім күніне" орай өткізілген "Сәлем саған алтын ұя мектебім" атты салтанатты жиын.         
Оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді
12
қазан
2021
Оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді
06 қазан күні 5-11 сынып оқушыларына әлеуметтік жарнамалар туралы, агитациялық жұмыстардың жүргізілуі, адам саудасының алдын алу, оқушылардың бөгде адамдармен тілдесіп, әлеуметтік желідеге таныстықтың зардаптарының алдын-алу мақсатында мектеп инспекторы Бапанов Абылайхан Бейсембайұлы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мектеп оқушылары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.    
Бояулар бізде қонақта
28
қыркүйек
2021
Бояулар бізде қонақта
1 сыныпта қазақ тілі пәнінен "Бояулар бізде қонақта" тақырыбы бойынша сабақ өтілді. Сабақ мақсаты: Оқушыларға бояулар туралы түсінік беру; Балалар назарын негізгі түстерге көңіл бөлуге, түстерді ажырата білуге үйрету; Негізгі бояуларды бір-бірімен қосу арқылы әр түрлі түстердің алу жолдарын үйрету. Жылы және суық түстерді меңгеру. көрнекілік: қағаз беттері, бояу түрлері, әр түрлі суреттер.  
Тіл туралы сұхбат өткізілді
23
қыркүйек
2021
Тіл туралы сұхбат өткізілді
М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектебінде 4" В" сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Яры Гульзадам тіл туралы сұхбат өткізді. Сұхбатта- тіл халықтың байлығы және адамзаттың рухани көзі екендігі тұралы айтып өтті