Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Тілге құрмет - елге құрмет"
05
қыркүйек
2023
"Тілге құрмет - елге құрмет"
5 қыркүйек – Тілдер мерекесі. Тіл – ұлттық құжатымыз, тіл – кісілік келбетіміз. Тәуелсіздікті айрандай ұйытып отырған – мемлекеттік тіл. Саяси тұрақтылықтың да негізгі кілті – тілде жатыр. Осыған орай еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі шаралар өтуде. Бүгін М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектептің 4 “А” сынып жетекшісі Ансардинова У.Н. оқушылармен бірге тілдер мерекесіне орай “Тілге құрмет - елге құрмет” атты іс-шара өткізді.  
“Сәлем саған, алтын ұя мектебім” атты салтанатты жиын
01
қыркүйек
2023
“Сәлем саған, алтын ұя мектебім” атты салтанатты жиын
Білім күні - жастар үшін де, ересектер үшін де мерейлі мереке, зор қуаныш. Бүгін М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектепте 1-қыркүйек Білім күніне орай “ Сәлем саған, алтын ұя мектебім” атты салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиынды ашу рәсімі мектеп директоры Имашев Мухидин Абдухелиловичке берілді. Өз сөзінде мектеп директоры былтырғы оқу жылының нәтижесіне тоқталып, келген оқу жылында оқушыларға, ата-аналарға және ұстаздаға жылы лебізін білдірді. Жиынға келген қонақтар да
"Лачин" лагеріндегі "Ойын күні"
08
маусым
2023
"Лачин" лагеріндегі "Ойын күні"
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектеп жанындағы “Лачин” атты лагерьдің төртінші күні - “Ойын күні” деп аталып, лагерь тәрбиешілерімен бірге балалар саябаққа, ойын алаңына барып келді. Балалар керемет көңіл күймен үйлеріне қайтты.  
Лагерьдегі "Спорт күні"
07
маусым
2023
Лагерьдегі "Спорт күні"
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектеп жанындағы “Лачин” атты лагерьдің үшінші күні - “Спорт күні” деп аталып, балалармен эстафеталық ойындар ұйымдастырылды. 🏕️⛺️Мақсаты: ⛱️1. Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге шақыру салауатты өмір салтын қалыптастыру. Эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру. ⛱️2. Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, достық пен ынтымақшылдыққа, инабаттылыққа, елжандылыққа баулу. ⛱️3. Күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту.  
Лагерьдегі  "Патриоттық күн"
06
маусым
2023
Лагерьдегі "Патриоттық күн"
Бүгін М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектеп жанындағы “Лачин” атты лагеріміздің екінші күні “Патриоттық күн” деп аталып, ҚР-ның рәміздері күніне арналды. Оқушылар күнін ҚР әнұраны мен бастады. “Менің отаным Қазақстан” тақырыбында суреттер салды.  
"Лачин" лагерінің ашылуы өткізілді
05
маусым
2023
"Лачин" лагерінің ашылуы өткізілді
Бүгін М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектебінде оқушылардың жазғы демалысын көңілді өткізу үшін мектеп мектеп жанындағы «Лачин» атты жазғы лагерьдің салтанатты ашылуы өткізілді. Ән, бимен басталған бұл іс-шарада мектеп психологы оқушылардың бір-бірін жақсы танып, қоғамдық бейімделуіне ықпалын тигізетін психологиялық жаттығу жасатып, балалардың көңіл күйін көтерді. Алда балаларды қызықты жарыстар, ойындар күтуде.  
"Сыңғырла, соңғы қоңырау" салтанатты жиыны
01
маусым
2023
"Сыңғырла, соңғы қоңырау" салтанатты жиыны
Бүгін М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектепте “Сыңғырла, соңғы қоңырау” атты түлектеріміз үшін іс-шара ұйымдастырылды. Мектеп қашанда жақсылық пен ізгіліктің, парасаттылық пен руханиятқа толы ойдың, таным мен тәрбиелі істердің ордасы болған. Біздің перзенттеріміз де осында өткізген оқушылық өмірлерінде осындай ұлағатты істердің ұшқынын бойына сіңірді, тәлімімен жүрегін суарды. Енді оларды өздерінің асыл ұясы - мектебі түлек етіп ұшырғалы отырған күннің де куәсі болдық. Іс-шара барысында үздік
"25-қазан Республика күні"
21
қазан
2022
"25-қазан Республика күні"
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектепте “Республика күніне” арналған мерекелік концерт өткізілді. Концерт барысында оқушылар патриоттық әндер мен өлеңдер айтып, керемет билерімен көрермендердің ықыласына бөленді. Бұл іс-шараның мақсаты: Отанды сүюге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, халқымыздың салт-дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адам керек екенін түсіндіру, оқушылардың сөйлеу мәдениетін, тілдерін дамыту.  
"Атам,әжем-қуанышым" фотосуреттер байқауы
10
қазан
2022
"Атам,әжем-қуанышым" фотосуреттер байқауы
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектебінің оқушылары Қарттар мейрамы қарсаңында өз ата-әжелерін құттықтап қана қоймай, көптеген оқушылар олармен бірге фото-суреттерге түсіп, мектебіміздің фойесында үлкен көрме ұйымдастырды. Көрмеге қойылған фотолардан, оқушыларымыздың ең асыл, маңызды қасиеттерін, үлкендерге болған құрметін байқауға болады. Көрме барлығына қуаныш пен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.  
"Қарттар мерекесі"
06
қазан
2022
"Қарттар мерекесі"
Қарттар мейрамы қарсаңында М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектебінің оқушылары, Шапағат ықшам ауданының гүлденуіне өз үлесін қосқан қоғам қайраткері Давут Даргушев құттықтау мақсатында үйіне барып қайтты. Давут атамыз жас өспірімдерді көріп, қуанышында шек болмады. Сұхбат барысында, оқушыларға қызықты оқиғаларды айтып берді. Жастарда өз кезегінде бірнеше сұрақтарын қойып, үлгі-насихат алып қайтты.