Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Оқушылардың көшелерде және жолдарда өзін - өздері ұстауларының негізгі ережелері” тақырыбында түсіндірме жұмыстары
29
қараша
2023
“Оқушылардың көшелерде және жолдарда өзін - өздері ұстауларының
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектептің аға тәлімгері Хашимжан Р.А. 5 сынып оқушыларына “Оқушылардың көшелерде және жолдарда өзін - өздері ұстауларының негізгі ережелері” тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс-жүзінде асыра білуге үйрету. Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету. Тәртіптілікке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.  
"Тапқырлар сайысы" өткізілді
28
қараша
2023
"Тапқырлар сайысы" өткізілді
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігі аясында бүгін мектебіміздің 4-сынып оқушылары арасында “Тапқырлар” сайысы ұйымдастырылды. Сайыс 3 кезең бойынша өткізілді. Бірінші кезеңде оқушылар қазақ тілі пәні бойынша грамматикалық сұрақтарға жауап берді, ал екінші кезеңде халықтың асыл мұрасы саналатын мақал-мәтелдерді жалғастырып айтып шықты. Сайыстың үшінші кезеңінде оқушылар ұйғыр тілінде берілген сөздердің қазақша аудармасын айтты. Соңында қазылар алқасы оқушыларға өз бағасын берді.
“Педагогикалық идея” тақырыбында байқау болып өтті.
24
қараша
2023
“Педагогикалық идея” тақырыбында байқау болып өтті.
24 қараша күні мектепішілік ұстаздар арасында “Педагогикалық идея” тақырыбында байқау болып өтті. Байқауда пән мұғалімдері өздерінің жаңашыл идеяларымен бөлісіп, іс- тәжірбие барысында қолданылатын әдістерге кеңінен тоқталды.Байқау нәтижесі бойынша 1- орын математика пәні мұғалімі Рехимова Шахадат 2-орын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мурадилова Альбина 3-орын тарих пәні мұғалімі Авутова Сахидям,бастауыш сынып мұғалімі Ниязова Мубаряк , сондай-ақ байқауға белсенділік танытқаны үшін ұйғыр
Ұлттық ойындар челленджі
17
қараша
2023
Ұлттық ойындар челленджі
Бүгін 17.11.2023ж күні М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектептің оқушылары жалпыреспубликалық ұлттық ойындар челленджіне қатысты. Оқушылар “Бес табан” және “Бес асық” ойындарын ойнады.Челлендждің мақсаты — білім алушыларды рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық бағытта тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды сақтау және ұлттық ойындарды дәріптеу.[media=4AnW8a8QcKLXKU1UY7neWPYPupYN35XJdRTnSf525nFVQ4oYnF8BSVrGRT1hKzPusP5PS7pJzkDbBZoosSydENe9CUjhCMX]
"Мектеп оқулықтарын электронды оқулықтарға алмастыру керек пе?"
16
қараша
2023
"Мектеп оқулықтарын электронды оқулықтарға алмастыру керек пе?"
Пікірталас – жастарды көшбасшылыққа баулудың бір жолы. Жеке тұлға болып қалыптасу үшін де жеке пікір болу керек. Ал жеке пікір айта білу мен ойыңды орынды жеткізу үшін пікірталас жарыстарына қатысқан абзал. Осы ескере отырып, 14.11.2023ж күні М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектептің “Эрудит” дебат клубының мүшелері, 8 сынып оқушыларымен бірге “Мектеп оқулықтарын электронды оқулықтарға алмастыру керек пе?” тақырыбында пікірсайыс ұйымдастырылды.
"Ұлттық валюта" күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды
15
қараша
2023
"Ұлттық валюта" күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі - ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы. “Ұлттық валюта” күніне орай, М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектебінде «Ұлттық теңге – ұлт мақтанышы» атты салтанатты концерт ұйымдастырылды. Оқушылар теңге тарихымен жақыннан танысып, бірқанша теңгеге байланысты сахналық қойылымдарды тамашалады. Патриоттық әндер, билер іс-шараны безендіріп, баршаға жоғары көңіл-күй сыйлады.
"Көлік құралдарының қозғалысы" түсіндірме жұмыстары
10
қараша
2023
"Көлік құралдарының қозғалысы" түсіндірме жұмыстары
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектептің 3-сынып оқушыларына ЖЖИ жоспарына сәйкес “Жол белгілері” және “Көлік құралдарының қозғалысы” тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: оқушыларды жол ережесін сақтауға үйрету, көше қатынас ережелерін меңгерту, жол белгілерімен таныстыру, оларды бұлжытпай орындауға баулу, жол апатынан сақ болуға үйрету.  
“Әр баланың құқығы бар” сурет байқауы
08
қараша
2023
“Әр баланың құқығы бар” сурет байқауы
8.11.2023 күні “Бала құқығы -адам құқығы” айлығы барысында “Әр баланың құқығы бар” тақырыбында 4-6 - сыныптар арасында сүрет байқауы өткізілді. Байқау мақсаты: білім алушыларға өз құқықтары жайында түсіндіру және отбасы құндылықтарын құрметтеуге,дәріптеуге үйрету. Байқауда 5 “Б” сынып оқушысы Салимжан Ихсана І орын, 4 “Б” сынып оқушысы Мукиева Армина ІІ орын, 5 “Б” сынып оқушысы Эргашева Ясмина ІІІ орындарды иеленді. [media=https://www.instagram.com/reel/CzYeBCzshI2/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==]
"Алтын күз" көрмесі
07
қараша
2023
"Алтын күз" көрмесі
“АЛТЫН КҮЗ” көрмесі М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектепте бастауыш сынып оқушылары арасында “Алтын күз” атты қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты – Оқушылардың күз мезгілі туралы түсініктері мен білімдерін кеңейту.Еңбекке, табиғатты сүюге, қорғауға, адамгершілікке тәрбиелеу. [media=https://www.instagram.com/reel/CzVnS9CMnuk/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==]
«Әкеге ізет, анаға- құрмет» сурет байқауы
03
қараша
2023
«Әкеге ізет, анаға- құрмет» сурет байқауы
03.11.2023 ж [media=4AnW8a8QcKLXKU1UY7neWPYPupYN35XJdRTnSf525nFVQ4oYnF8BSVrGRT1hKzPusP5PS7pJzkDbBZoosSydENe9CUjhCMX] өткізілді. Көркем еңбек пәні мұғалімдері Мансурова Г, Нураев Д оқушыларға тақырыпқа сай түсінік жұмыстарын жүргізіп,оқушылардың салған сүреттеріне өз бағаларын берді.