Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Әсем қала - Алматы" құттықтау челленджі
15
қыркүйек
2023
"Әсем қала - Алматы" құттықтау челленджі
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектептің оқушылары “Қала күніне” арнап, “ Әсем қала-Алматы” тақырыбында құттықтау бейнеролигін түсірді. Алматы қаласын дәстүрлі мерекесімен құттықтаймыз! Сол бабаларымыздың рухына сай, армандарына адал болып, биікті аласартпай өмір сүрейік!
Хабарландыру
14
қыркүйек
2023
Хабарландыру
Хабарландыру! Құрметті М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мұғалімдері мен оқушылары! 15 қыркүйек күні мектебімізде Ұланбасы/мектеп президентін сайлау өткізіледі. Дауыс беруге 6-11-сынып оқушылары қатысуы тиіс. Кандидаттармен мектеп бұрышында таныса аласыздар.    
Ана тілім - дана тілім», “Үштілділік заман талабы” атты көрме
13
қыркүйек
2023
Ана тілім - дана тілім», “Үштілділік заман талабы” атты көрме
«Қазақстан халқы тілдері» күніне орай №150 жалпы білім беретін мектебінде «Ана тілім - дана тілім», “Үштілділік заман талабы” атты стенд дайындалып,мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен әдеби кітаптар көрмесі оқушыларға ұсынылды.
"Полиглот" сайысы ұйымдастырылды.
13
қыркүйек
2023
"Полиглот" сайысы ұйымдастырылды.
Тілдер мерекесі күніне арналған "Полиглот" сайысы ұйымдастырылды. Мақсаты: қазақ,орыс,ағылшын тілдерінен алған білімдерін, дағдыларын нақты ситуацияда қолдана білу; ой – өрісін кеңейту; логикалық ойлауды дамыту; тілдік, зияткерлік, танымдық қабілеттерін дамыту; топта жұмыс істей білу; үш тілге деген қызығушылығын арттыру; қарым- катынас мәдениетін қалыптастыру.  
"Адалдық сағаты" тақырыбында сынып сағаттар өткізді
12
қыркүйек
2023
"Адалдық сағаты" тақырыбында сынып сағаттар өткізді
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектетің бастауыш сынып мұғалімдері “Адалдық сағаты” тақырыбында сынып сағаттар өткізді. Мақсаты: оқушыларды адалдыққа, шындыққа тәрбиелеу.  
Отбасы күнімен құттықтады
12
қыркүйек
2023
Отбасы күнімен құттықтады
Отбасы-адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болмаса да отбасының адамзат ұрпағына ықпал мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсені еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Отбасы күніне орай М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектеп оқушылары ата-аналарына өз сезімдерін білдірді. Ата-аналарымызды әрқашан да аялап, құрметтеп жүрейік!❤️
«Тіл ұлттық жаны» атты мектепішілік мәнерлеп оқу байқауы өтті
12
қыркүйек
2023
«Тіл ұлттық жаны» атты мектепішілік мәнерлеп оқу байқауы өтті
Бүгінгі таңда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту бағытында елімізде сан алуан іс-шаралар атқарылып отыр. Осыған орай №150 жалпы білім беретін мектепте 2-7 сынып оқушылары арасында «Тіл ұлттық жаны» атты мектепішілік мәнерлеп оқу байқауы өтті. Мақсаты: өзге ұлт оқушыларының қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ тілін қастерлеуге баулу, мемлекеттік тілдің өркендеп, дамуына , мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.Оқушылардың ой-
Дебат клубының жұмысы басталды
12
қыркүйек
2023
Дебат клубының жұмысы басталды
2023 жылы 18 қыркүйек күні мектебімізде “Дебат” клубы мүшелерінің алғашқы отырысы болып өтті. Негізгі мақсаты:оқушының ой-өрісін дамыту, шебер сөйлеуге тәрбиелеу. Негізгі ережелер:құрылымды сақтау, әр топта 3 оқушының болуы, сөйлеу мәдениеті, шыдамдылық, шындық, Дебат клубының жетекшісі дебат пікір-сайысының мақсаты мен міндетін түсіндіріп өтті  
Жалпықалалық сейсмикалық жаттығу
11
қыркүйек
2023
Жалпықалалық сейсмикалық жаттығу
11 қыркүйек күні сағат 10:00 де Алматы қаласында жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізілді. М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектеп мұғалімдері мен оқушылары сейсмикалық жаттығуға белсенді қатысты, жаттығу барысында “Назар аударыңыз!” естігенде сабыр сақтап, ғимараттан эвакуацияланды. Төтенше жағдайларға дайын болу- адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі.