Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жас новатор ұстаз" номинациясына ие болды
19
қазан
2023
"Жас новатор ұстаз" номинациясына ие болды
Республикалық Ұйғыр этномәдени орталығы жанындағы Эксперттер кеңесінің шешімі бойынша М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектебінің мұғалімі, мектеп директорының тәрбие істері бойынша орынбасары Низамдунова Паризат Исамдуновна «Яш новатор устаз» номинациясына ие болып, марапатталды. Құттықтаймыз!  
Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған  дөңгелек үстел
19
қазан
2023
Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған дөңгелек үстел
Бүгін жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған 8-сыныптар арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты: 1. Оқушыларға жазушы өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру; 2. Оқушылардың ой - өрісін, қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; 3. Оқушыларды тәртіптілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту.  
Аудандық Ұланбасылар кездесуі
18
қазан
2023
Аудандық Ұланбасылар кездесуі
17.10.2023 ж Алатау ауданы білім бөлімі және № 1 Оқушылар үйінің « Жас Ұлан, Жас Қыран» ББЖ ұйымының ұйымдастыруымен аудан мектептерінің Ұланбасылары мен көмекшілерінің кездесуі болып өтті. Мақсаты: еліміздің белсенді жастарының бастамаларына қолдау көрсету, көшбасшылық біліктіліктерін , отансүйгіштік сезімдерін дамытып, өңірлердегі балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының өкілдері арасында ынтымақтастығын үйымдастыруға ұйтқы болу. Кездесу барысында М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектеп ұланбасы мен
Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев атынан алғыс хаттармен марапатталды.
18
қазан
2023
Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев атынан
Ұстаздар күніне орай М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектептің ардақты ұстаздары Насирдинова А.А., Нураев Д.С., Алаева Л.А.-лар Алматы қаласының білім беру жүйесіне және жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру ісіне сіңірген еңбегі мен тәуелсіз еліміздің рухани-әлеуметтік дамуына қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев атынан алғыс хаттармен марапатталды.  
«Абай қара сөздері» атты аудандық байқауға қатысты
17
қазан
2023
«Абай қара сөздері» атты аудандық байқауға қатысты
«Қара сөздер» немесе «Сөз кітабы» - қазақ ақыны, ағартушы Абайдың іргелі туындысы. Бұл прозалық поэма 45 қысқа астарлы әңгімелерден және философиялық трактаттардан тұрады. Аталған шығармада ұлттық тәрбие мен дүниетаным, мораль мен құқық, Қазақ тарихының мәселелері көтеріледі. Жақында Алматы қаласы, Алатау ауданы 185 ЖББ мектебінде «Абай қара сөздері» атты аудандық байқау өткізілді. Байқауға мектебіміздің 5 “А” сынып оқушысы Махаметов Самир қатысып, алғыс хатпен марапатталды. Байқаудың мақсаты:
"Алтын күз" сурет көрмесі
17
қазан
2023
"Алтын күз" сурет көрмесі
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектептің 5-7 сынып оқушыларының “Алтын күз” тақырыбында сурет көрмесі ашылды. Бұл іс-шараның мақсаты: оқушыларды шығармашылыққа шақыру, табиғатты сүю, қорғау және аяулау. Оқушылардың салған суреттері ерекше болып, кейбір оқушылар адамның табиғатпен байланыста екенін көркем түрде жеткізген.
“Меһриван ана” медалімен марапатталды
16
қазан
2023
“Меһриван ана” медалімен марапатталды
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ашимова Г.Г. -ның көп жылдық еңбегі жоғары бағаланып, Қазақстан ұйғырларының Республикалық этномәдени орталығы жанындағы Әйелдер кеңесінің “Меһриван ана” медалімен марапатталды. Құттықтаймыз!  
“Жай бөлшектерді жазу және оқу” тақырыбында ашық сабақ өткізілді
13
қазан
2023
“Жай бөлшектерді жазу және оқу” тақырыбында ашық сабақ өткізілді
Қазан айының 12-сі “Математика, физика және информатика пәндерінің онкүндігі”не орай 5 “А” сыныбында “Жай бөлшектерді жазу және оқу” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: жай бөлшектерді жазу мен оқуды үйрену. Пән мұғалімі: Рехимова Ш.А.  
Алғыс хатпен марапатталды!
13
қазан
2023
Алғыс хатпен марапатталды!
Алатау ауданы М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектептің 11 «А» сынып оқушысы Масимова Наргиза орыс тілі мен әдебиет пәнінен «Учитель перед именем твоим...» атты аудандық эссе байқауына қатысып Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі: орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ашимова Г.Г Құттықтаймыз!!!  
Мектепішілік зияткерлік сайыс өткізілді
12
қазан
2023
Мектепішілік зияткерлік сайыс өткізілді
Алатау ауданы М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектептің 6- сынып оқушылары арасында «Әқил-ой мәшиғи» тақырыбында математика пәнінен мектепішілік интеллектуалды сайыс өтті. Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.