12
қыркүйек
2023
«Тіл ұлттық жаны» атты мектепішілік мәнерлеп оқу байқауы өтті
Бүгінгі таңда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту бағытында елімізде сан алуан іс-шаралар атқарылып отыр. Осыған орай №150 жалпы білім беретін мектепте 2-7 сынып оқушылары арасында «Тіл ұлттық жаны» атты мектепішілік мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Мақсаты: өзге ұлт оқушыларының қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ тілін қастерлеуге баулу, мемлекеттік тілдің өркендеп, дамуына , мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.Оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу

