Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
8 «Б» сыныбына ашық сабақ өткізді.
16
ақпан
2023
8 «Б» сыныбына ашық сабақ өткізді.
Мектебімізде ағылшын тілі мұғалімі, педагог-сарапшы Якияева Халидам Билаловна 8 «Б» сыныбына ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында әр тапсырма сайын оқушыларға мадақтау арқылы кері байланыс берілді. Оқушылар берілген тапсырмаларды белсенді түрде орындап, өз қабілеттерін көрсетті. Мұғалім жеке, топтық жұмыстарын ұйымдастыру арқылы өз мақсатына жете білді.    
«Ақбота» зияткерлік олимпиадасы
16
ақпан
2023
«Ақбота» зияткерлік олимпиадасы
М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектептің 4 «В» сынып оқушылары «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйыммдастыруымен жалпы білім беретін мектептерге арналған «Ақбота» зияткерлік олимпиадасына қатысып, Ахунжанова Русалина 2 орын иегері, Ташбулатов Зариф 3 орын иегері атанды. Сынып жетекшісі: Гаитова Ш.Т.  
"Дабыл шамадан" жиынтығы тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
15
ақпан
2023
"Дабыл шамадан" жиынтығы тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мектебімізде оқушыларға "Дабыл шамадан" жиынтығы тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Дабыл шабаданы – бұл құтқарушылар келгенге дейін немесе жер сілкінісі, су тасқыны, өрт және т. б. төтенше жағдай аймағынан қауіпсіз эвакуацияланғанға дейін, экстремалды жағдайларда аман қалуға арналған заттардың базалық жиынтығы.  
«Ауғанның отты жалыны» атты кездесу кеші
14
ақпан
2023
«Ауғанның отты жалыны» атты кездесу кеші
Ақпан айының 14-і М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектепте Ауған соғысының ардагерлерімен «Ауғанның отты жалыны» атты кездесу кеші өткізілді. Кеш барысында ардагер оқушыларға патриоттық сезімнің әрқашан болуын, елімізде ешқашан соғыс болмауын, жастардың Отанды қорғау парызы екендігін есте шығармауын тілге тиек етті.Кездесуді мектептің АӘТД пән муғалімі Мансуров А.Қ. құттықтау сөзі мен ашты. Кездесуге Ауған соғыс ардагерлері Кремениш Николай, Курбанов Нияз, Ефеменко Сергей, Асимов Минамжан және
1 орын иегері атанды!
14
ақпан
2023
1 орын иегері атанды!
Оқушыларымыз тек оқу жағынан ғана емес, спорт жағынан да жеңімпаз атанып, баршамызды қуантуда. М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектептің 7 «Б» сынып оқушысы Аюпов Садыр жекпе-жек сайысынан балалар арасында ұйымдастырылған ашық турнирге қатысып 1 орын иегері атанды. Құттықтаймыз!  
«Ағылшын тілі пәнінің онкүндігі»
13
ақпан
2023
«Ағылшын тілі пәнінің онкүндігі»
М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектепте «Ағылшын тілі пәнінің онкүндігі» салтанатты түрде ашылды. Онкүндіктің мақсаты пәндердің талапқа сай оқытылуын қамтамасыз ету болып табылады. Ашылу салтанаты барысында онкүндік ішінде өтілетін ашық сабақтар, сабақтан тыс іс-шаралар таныстырылып өтілді.  
Оқушыларымыздың жетістіктері 🏆🎊
13
ақпан
2023
Оқушыларымыздың жетістіктері 🏆🎊
Оқушыларымыздың жетістіктері 🏆🎊 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» Республикалық зерттеу жобалары конкурсының қалалық кезеңінің ағылшын тілі секциясы бойынша 5 «Б» сынып оқушысы Аблизова Эльнара III дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі – мектебіміздің ағылшын тілі мұғалімі Якияева Х.Б. Тарих, өлкетану секциясы бойынша 5 «Б» сынып оқушысы Аманова Рийада III дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі – мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Рахманова А.А. Құттықтаймыз!         
«Рәнагүл» атты спектальге барып келді
12
ақпан
2023
«Рәнагүл» атты спектальге барып келді
Жас жеткіншектердің сабақтан тыс уақытта, бір мезгіл, өзінің жан-жақты дамуына да, болашағына да пайдалы саналатын көпшілік шараларға барып, қатысып, мәдениет, өнер, спорт әлемі сыйқырларынан өзіндік рухани азық алуларына қолдау көрсету – ата-аналардың да, педагог қауымының да басты парыздарының бірі болса керек... Театр – балалар үшін рухани өсуге, әдемілік пен әдептілікке тәрбиелейтін бірден-бір эстетикалық өнер ордасы. Өресі биік өнер де, көрерменге көрікті ой салар өнер де - осы, театр! М.
«XXI ғасыр көшбасшысы» атты зияткерлік ойыны
11
ақпан
2023
«XXI ғасыр көшбасшысы» атты зияткерлік ойыны
Жасөспірімдердің жан-жақты, дарынды болуымен қатар, көшбасшылық қабілеттерін арттыруға интеллектуалды ойын сайыстары ең қызықты танымдық әдіс деп санасақ болады. Осыған орай, ақпан айының 10 жұлдызында М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектеп тәлімгері Хашимжан Р.А. 4-сыныптар арасында «XXI ғасыр көшбасшысы» атты зияткерлік ойынын ұйымдастырды. Бұл ойынның мақсаты: оқушылардың әр салада білімін кеңейту; оқушылардың қазақ, орыс, ұйғыр тілі пәндерінен алған білімін өмірде пайдалануға үйрету. Сұрақтарға
Ә.Нұршайықов “Сырлы да, сұлу суреткер” тақырыбында дөңгелек үстел
10
ақпан
2023
Ә.Нұршайықов “Сырлы да, сұлу суреткер” тақырыбында дөңгелек үстел
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектеп кітапханышысы оқушылармен бірге “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында Ә.Нұршайықов “Сырлы да, сұлу суреткер” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Мақсаты: Жазушы шығармашылығын кеңінен насихаттау, жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал ету және өскелең ұрпақты кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу.