«Ауғанның отты жалыны» атты кездесу кеші
Ақпан айының 14-і М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектепте Ауған соғысының ардагерлерімен «Ауғанның отты жалыны» атты кездесу кеші өткізілді. Кеш барысында ардагер оқушыларға патриоттық сезімнің әрқашан болуын, елімізде ешқашан соғыс болмауын, жастардың Отанды қорғау парызы екендігін есте шығармауын тілге тиек етті.Кездесуді мектептің АӘТД пән муғалімі Мансуров А.Қ. құттықтау сөзі мен ашты. Кездесуге Ауған соғыс ардагерлері Кремениш Николай, Курбанов Нияз, Ефеменко Сергей, Асимов Минамжан және Алатау ауданының мектептерінің АӘТД пән мұғалімдері Саржанов Хайырбек, Курмансейитов Бауыржан қатысты.
Оқушылар қонақтармен пікірталаста болып, сұрақтар қойды. Олар өз басынан өткен оқиғаларды оқушыларға айтты.
Кездесу 10-11 сынып оқушыларының «Ерлік – жігіт көркі» атты әскери-спорттық байқауына жалғасты. Оқушылар алған білімдерін және дайындығын көрсетті.
Соңында М. Хамраев атындағы №150 ЖББ мектеп директоры Имашев М. А. қонақтарды құттықтап, «Алғыс хат»пен марапаттады. Ардагерлермен кездесу жағымды атмосфера аясында өтті, бұл кездесу өскелең ұрпақ пен аға буын арасын одан әрі жалғастыра түседі.



