Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұлдар жиналысы өткізілді
17
қаңтар
2024
Ұлдар жиналысы өткізілді
Жақында М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектебінде 5-7 сынып ұл балаларына жиналыс өткізілді. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, ұстаздары және “Шапағат” ықшам ауданының активист тұрғындары, полиция, медицина қызметкерлері қатысты. Ұл балаларға кең түрде мағлұматтар беріліп, тәрбиелік мағынасы терең ақпараттық және насихаттық жұмыс жүргізілді. Келген қонақтар оқушыларға арнайы дайындап келген бейнероликтер көрсетті. “ Тәрбие отбасынан басталады” тақырыбы негізінде өткен бұл мектепішілік жиналыстың мақсаты
"Жігіт сұлтаны - 2024" байқауы
12
қаңтар
2024
"Жігіт сұлтаны - 2024" байқауы
12.01.2024 күні Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша 150 ЖББ мектепте “Жігіт сұлтаны -2024” байқауы болып өтті. Мақсаты: ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау, жігіттерімізді батырлыққа шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу, жігіттерді сегіз қырлы, бір сырлы болуға, яғни, жан-жақтылыққа баулу. Міндеттері: 1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру. 2. Әр баланың бойындағы кабілеттерін ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету,
Ата-аналар жиналысы өткізілді
08
қаңтар
2024
Ата-аналар жиналысы өткізілді
08.01.2024 күні Алматы қаласы,Алатау ауданының М.Хамраев атындағы 150 мектебінде “Ұрпақ болашағы-тәрбие мен білім негізінде!” тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті. Күн тәртібінде: -оқу-тәрбие жұмыстарының 1-жартыжылдық есебі; -зорлық-зомбылық туралы түсінік жұмыстарын жүргізу; -ата-анаға үштік одақты түсіндіріп,мектеппен тығыз байланыс жасауын қадағалау; -психологиялық тренингтер; -реттегі жұмыстар мәселелері қаралды. Күн тәртібіндегі барлық мәселелерге жеке-жеке тоқталып,ата-аналарға кең
Дебат сайысы
27
желтоқсан
2023
Дебат сайысы
Алматы қаласы Алатау ауданы М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектебінде 8-9 сынып оқушыларынан құрылған дебат командалары өз ара сайысқа түсті. Оқушылар дебаттық сайыста өз пікірлерін еркін жеткізіп, сайыс ережелерін ескерді. Әр топ өз командасын қорғап, қарсы командаға талапқа сәйкес қарсылық білдірді. Командалардың дебатқа түсу талаптары мен ережелерін қадағалаған дебат координаторлары Мурадилова Альбина Мухитжанқызы мен Хашимжан Розмира Арманқызы. Оқушылардың дебатқа болған ой
Қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме жұмыстары
26
желтоқсан
2023
Қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме
26.12.2024 күні М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектепте оқушылардың жаңа жыл мерекесін атап өтуге байланысты өмір қауіпсіздігін ескеру туралы бұйрықтар шығарылды. Сынып сағаттарында оқушыларға салюттердің өмірлеріне төндіретін қаупі туралы айтылып, қыстық каникул кезіндегі сырғанаққа шығу, жол қауіпсіздік ережелері,түнде ата-анасыз жүру, жарылғыш заттар қолданылуының қауіпсіз емес екенін түсіндірді.  
“Біз өз еліміздің патриоттары” атты блиц турнир
21
желтоқсан
2023
“Біз өз еліміздің патриоттары” атты блиц турнир
Алматы қаласы, Алатау ауданы М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектептің 6 “А”, “Б” сынып оқушыларымен “Біз өз еліміздің патриоттары” атты блиц турнир өткізілді. Турнир 5 бөлімге негізделіп,оқушылар Қазақстан Республикасының тарихы және өз елінің гүлденуіне үлесін қосқан атақты адамдары, мемлекеттік тіл-қазақ тілі туралы сұрақтарға жауап берді. Блиц турнирдың мақсаты:Оқушылардың танымдылық қабілеттерін дамыту. Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Туған елінің тарихын терең білуге баулу.   
Құттықтау челленджін ұйымдастырды
16
желтоқсан
2023
Құттықтау челленджін ұйымдастырды
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектептің оқушылары 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай құттықтау челленджін ұйымдастырды. Челленджті Алатау ауданының барлық мектептеріне жолдаймыз [media=https://www.instagram.com/reel/C03uR2kLWJg/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==]
"Тәуелсіз елім-бақытым менің" мерекелік іс-шара
15
желтоқсан
2023
"Тәуелсіз елім-бақытым менің" мерекелік іс-шара
Алматы қаласы,Алатау ауданы М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектепте 15.12.2023 күні “Тәуелсіз елім -бақытым менің” тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Мақсаты: Окушыларға Қазакстан Республикасы туралы, онын Тауелсіздігі туралы мәлімет беру. Теуелсіздікке калай жеткенін баяндау, керсету; окушыларды өз елін сүюге,кастерлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу. Іс-шарада мектеп оқушылары мәнерлеп өлең оқып,би билесе жас ұстаздар тобы хор айтып іс-шараның көркін ашты. Өткізілген шараға
“Бес күн- бес іс-шара” жобасы
04
желтоқсан
2023
“Бес күн- бес іс-шара” жобасы
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында Алатау ауданының “Бес күн- бес іс-шара” жобасы бойынша М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектебінің бүгінгі патриоттық күніне орай мектеп оқушыларының мемлекеттік гимнін орындауы. Бұл күн оқушыларға отансүйгіштік, мемлекет рәміздерін құрметтеу, өз отанына болған құндылықтарды дәріптеу күні болып табылды. [media=4AnW8a8QcKLXKU1UY7neWPYPupYN35XJdRTnSf525nFVQ4oYnF8BSVrGRT1hKzPusP5PS7pJzkDbBZoosSydENe9CUjhCMX]
"Жас Ұлан", "Жас қыран" ұйымына қабылдау
01
желтоқсан
2023
"Жас Ұлан", "Жас қыран" ұйымына қабылдау
Еліміздің ертеңі... Алматы қаласы, Алатау ауданы М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектебінде жетоқсан айының 1 жұлдызында “Елімнің ертеңі – Мен, Жас Ұлан!» атты тақырыпта мектеп оқушыларын республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» және “Жас Қыран” балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. Қабылдау жиынына 2 және 5 сынып оқушылары қатысып, «Жас Қыран» ұйымына 33 оқушы, « Жас Ұлан» ұйымына 36 оқушы қабылданды. Салтанатты жиын барысында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер