Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Лачин” атты жазғы сауықтыру лагеріндегі қол өнер үйірмесі
02
маусым
2025
“Лачин” атты жазғы сауықтыру лагеріндегі қол өнер үйірмесі
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектеп жанындағы “Лачин” атты жазғы сауықтыру лагеріндегі қол өнер үйірмесі. Үйірменің мақсаты мен міндеттері: Оқушыларды шығармашылыққа тарта отырып жобаны тани білуге, он саусағынан  өнері тамған баланы тәрбиелеу.  Шәкіттердің шеберлігін, білім мен еңбегін көрсету.  Іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру. Тәрбиелік дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу.
Лагерь тәрбиешілерімен бірге балалар саябаққа, ойын алаңына барып келді.
30
мамыр
2025
Лагерь тәрбиешілерімен бірге балалар саябаққа, ойын алаңына барып
Бүгін М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектеп жанындағы “Лачин” атты лагерінің бірінші аптаның соңғы күнімен басталды.Бүгінгі күн - “Ойын күні” деп аталып, лагерь тәрбиешілерімен бірге балалар саябаққа, ойын алаңына барып келді. Балалар керемет көңіл күймен үйлеріне қайтты.
29.05.2025 күннен көрініс…☀️
29
мамыр
2025
29.05.2025 күннен көрініс…☀️
Мектеп жанындағы “Лачин” жазғы демалыс лагерімізде балаларды ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру мақсатында әр түрлі қимыл-қозғалыс ойындары ойнатылады. 29.05.2025 күннен көрініс…☀️
«Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда»
29
мамыр
2025
«Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда»
«Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда» тақырыбының мақсаты – балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіп-қатердің алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және оларды түрлі төтенше жағдайлар мен күнделікті өмірдегі қауіптерден сақтандыру.
Лагерьдегі балалар зоосаябаққа барып қайтты
28
мамыр
2025
Лагерьдегі балалар зоосаябаққа барып қайтты
28.05.2025ж М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектеп жанындағы “Лачин” атты жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиешілері балалармен бірге М.Горький атындағы орталық зоосаябаққа барып қайтты.
Бала – болашақтың бастауы.
28
мамыр
2025
Бала – болашақтың бастауы.
Бала – болашақтың бастауы. Олардың бақытты балалық шағы – біздің басты міндетіміз. Бүгінгі күні біз әрбір балаға қамқорлық көрсетіп, олардың арманын қолдап, қауіпсіз әрі бақытты өмір сүруі үшін барлық жағдай жасауымыз қажет. Қымбатты балалар! Сіздер – еліміздің ертеңі, жарқын болашағымыздың иесісіздер. Сіздердің бақытты, білімді, тәрбиелі болып өсуіңіз – барша қоғамның ортақ арманы.
“Балалар үні” атты челлендж
28
мамыр
2025
“Балалар үні” атты челлендж
М.Хамраев атындағы № 150 ЖББМ “Балалар үні” атты челлендждің мақсаты: «Балалар үні» күніне арналған бұл челлендждің басты мақсаты – балалардың ой-пікірі мен армандарына назар аудару, оларды тыңдау мәдениетін қалыптастыру және қоғамдағы балалардың белсенділігін арттыру. Челлендж балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға, өз ойын ашық жеткізуге және үлкендердің оларға құрметпен қарауына ықпал етеді. #Қазақстанбалалары#балаүні
“Лачин” атты лагерьдің екінші күні - “Спорт күні”
27
мамыр
2025
“Лачин” атты лагерьдің екінші күні - “Спорт күні”
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектеп жанындағы “Лачин” атты лагерьдің екінші күні - “Спорт күні” деп аталып, балалармен эстафеталық ойындар ұйымдастырылды. 🏕️⛺️Мақсаты: ⛱️1. Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге шақыру салауатты өмір салтын қалыптастыру. Эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру. ⛱️2. Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, достық пен ынтымақшылдыққа, инабаттылыққа, елжандылыққа баулу. ⛱️3. Күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту.
«Лачин» атты жазғы лагерьдің салтанатты ашылуы өткізілді.
26
мамыр
2025
«Лачин» атты жазғы лагерьдің салтанатты ашылуы өткізілді.
Бүгін М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектебінде оқушылардың жазғы демалысын көңілді өткізу үшін мектеп мектеп жанындағы «Лачин» атты жазғы лагерьдің салтанатты ашылуы өткізілді. Ән, бимен басталған бұл іс-шара балалардың көңіл күйін көтерді. Алда балаларды қызықты жарыстар, ойындар күтуде.