«Әке – тірегім, ана – жүрегім»❤️❤️
«Әке – тірегім, ана – жүрегім»❤️❤️ 1 Маусым – Балалар күніне орай ұйымдастырылған республикалық «Бақытты бала – бақытты отбасы» акциясы аясында мектебіміздің оқушылары жүрекке жылу сыйлаған керемет флешмобқа қатысты! Отбасы – бала бақытын тәрбиелейтін алтын ұя. Бұл шара арқылы оқушылар ата-анаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін ерекше түрде жеткізді. Мақсат – отбасылық құндылықтарды насихаттау және бала мен ата-ана арасындағы байланысты нығайту.