Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ана тілім - дана тілім" атты мерекелік іс-шара
08
қыркүйек
2023
"Ана тілім - дана тілім" атты мерекелік іс-шара
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектепте 5 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі күніне орай “Ана тілім-дана тілім” атты салтанатты жиын өткізілді. Жиын барысында оқушылар қазақ, ұйғыр, орыс, ағылшын тілдерінде өлеңдер айтып, мектебіміздің “Шәбнәм” би тобының әсем биі баршаны тәнті етті.  
"Сергіту сәті" челленджі
07
қыркүйек
2023
"Сергіту сәті" челленджі
«Сергіту сәті» челленджі 08.09.2023 күні сағат 12:00-де Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің үйлестіруімен «Сергіту сәті» челленджі барлық орта білім беру ұйымдарында ұйымдастырылды. «Сергіту сәті» челленджіне М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектептің 1-11 сынып оқушылары да белсенді қатысты. Челлендж мақсаты – балалардың салауатты өмір салтын насихаттау. Шынықсаң шымыр боласың! #сергітусәті #явыбираюспорт #менспорттытаңдаймын
"Менің таңдауым - қазақ тілі" челленджі
06
қыркүйек
2023
"Менің таңдауым - қазақ тілі" челленджі
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектептің мұғалімдері мен оқушылары Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 5 қыркүйек - Қазақстан халық тілдері күніне орай “Менің таңдауым-қазақ тілі!” челленджін қабылдады. Челленджтің мақсаты: қазақ тілі арқылы қазақстандық бірегейлікті нығайту, барлық қазақстандықтарды мемлекеттік тіл - этносаралық қатынас тілі идеясының айналасына топтастыру. #меніңтаңдауымқазақтілі #қазақтілі #menintandauymqazaqtili #qazaqtili
"Тілге құрмет - елге құрмет"
05
қыркүйек
2023
"Тілге құрмет - елге құрмет"
5 қыркүйек – Тілдер мерекесі. Тіл – ұлттық құжатымыз, тіл – кісілік келбетіміз. Тәуелсіздікті айрандай ұйытып отырған – мемлекеттік тіл. Саяси тұрақтылықтың да негізгі кілті – тілде жатыр. Осыған орай еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі шаралар өтуде. Бүгін М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектептің 4 “А” сынып жетекшісі Ансардинова У.Н. оқушылармен бірге тілдер мерекесіне орай “Тілге құрмет - елге құрмет” атты іс-шара өткізді.  
“Сәлем саған, алтын ұя мектебім” атты салтанатты жиын
01
қыркүйек
2023
“Сәлем саған, алтын ұя мектебім” атты салтанатты жиын
Білім күні - жастар үшін де, ересектер үшін де мерейлі мереке, зор қуаныш. Бүгін М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектепте 1-қыркүйек Білім күніне орай “ Сәлем саған, алтын ұя мектебім” атты салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиынды ашу рәсімі мектеп директоры Имашев Мухидин Абдухелиловичке берілді. Өз сөзінде мектеп директоры былтырғы оқу жылының нәтижесіне тоқталып, келген оқу жылында оқушыларға, ата-аналарға және ұстаздаға жылы лебізін білдірді. Жиынға келген қонақтар да