Наурыз
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай 6 “А” сыныбында “Ынтымақ – бірліктің негізі” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Бұл шараның мақсаты – оқушыларға Наурыз мейрамы мән-маңызын түсіндіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ бірлік пен татулықтың қоғамдағы рөлін ұғындыру болды. 🤝
Тәрбие сағаты барысында оқушылар Наурыздың шығу тарихымен танысып, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы мәлімет алды. Сонымен қатар, бірлікке, достыққа шақыратын тапсырмалар орындап, өз ойларымен бөлісті.
Оқушылар топтық жұмыстарға белсенді қатысып, ұйымшылдық пен сыйластықтың қаншалықты маңызды екенін көрсете білді. “Бірлік бар жерде – тірлік бар” деген нақыл сөздің мәнін терең түсініп, өзара қолдау мен достықтың маңызын ұғынды. ✨
Осындай тәрбиелік шаралар жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіріп, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға зор ықпал етеді.
🌿 Наурыз – жаңару мен жақсылықтың бастауы. Баршаңызға молшылық, береке және бірлік тілейміз!
В 6 «А» классе, в честь праздника Наурыз – Ұлыстың ұлы күні, был проведён классный час на тему «Единство – основа согласия».
Цель мероприятия – разъяснить учащимся значение праздника Наурыз, пропагандировать национальные ценности, а также сформировать понимание роли единства и согласия в обществе. 🤝
В ходе классного часа учащиеся познакомились с историей возникновения Наурыза, получили сведения о традициях и обычаях казахского народа. Кроме того, они выполняли задания, направленные на укрепление дружбы и единства, делились своими мыслями и мнениями.
Ученики активно участвовали в групповой работе, продемонстрировав важность сплочённости и взаимоуважения. Они глубже поняли смысл пословицы «Где есть единство – там есть жизнь», осознали значимость поддержки и дружбы. ✨
Подобные воспитательные мероприятия способствуют формированию у подрастающего поколения национального духа и нравственных качеств.
🌿 Наурыз – это начало обновления и добра. Желаем всем благополучия, достатка и единства!

