Көрісу күні
Көрісу күні – қазақ халқының көктемде тойланатын дәстүрлі мерекелерінің бірі. Бұл күн 14 наурызда атап өтіледі және адамдардың бір-бірімен көрісіп, амандасуынан басталады. Осыған орай мектебімізде «Көрісу – көне дәстүр» тақырыбында 9 «А», 9 «Б» сыныптарында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға ұлттық салт-дәстүрлердің маңызын түсіндіру, үлкенді құрметтеуге, кішіге ізет көрсетуге және адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге тәрбиелеу. Сабақ барысында көрісу дәстүрінің шығу тарихы мен тәрбиелік мәні түсіндіріліп, оқушылар өз ойларын ортаға салды.Оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, мерекенің мәнін тереңірек түсінді.
День Көрісу — один из традиционных весенних праздников казахского народа. Он отмечается 14 марта и начинается с того, что люди встречаются друг с другом и приветствуют друг друга.
В связи с этим в нашей школе были проведены классные часы на тему «Көрісу – көне дәстүр» в 9 «А» и 9 «Б» классах. Цель мероприятия — объяснить учащимся значение национальных традиций, воспитать уважение к старшим, почтительное отношение к младшим и сформировать нравственные качества.
В ходе занятия была раскрыта история возникновения традиции көрісу и её воспитательное значение, учащиеся делились своими мыслями. Они также обменялись тёплыми пожеланиями и глубже поняли смысл этого праздника.

