Мұқағали -мәңгі жыр
✨Мұқағали - мәңгі жыр✨
Жақында М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектебінде 5–7 сынып оқушылары арасында қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Көркем сөз шебері» атты өлең оқу байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру, көркем сөз оқу мәдениетін қалыптастыру, Мұқағали жырлары арқылы рухани құндылықтарды дәріптеу.
Оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, сахна мәдениеті мен сөз шеберлігін көрсете білді. Әрбір қатысушы жүрекке жеткен жыр жолдары арқылы көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Жеңімпаздар марапатталып, белсенді қатысушыларға мадақтамалар мен тәтті сыйлықтар табысталды.
Мұқағали жырлары – мәңгілік мұра, ұрпақ жүрегінде жаңғыра бермек!
✨Муқағали — вечная поэзия✨
Недавно в общеобразовательной школе №150 имени М. Хамраева среди учащихся 5–7 классов прошёл конкурс выразительного чтения стихов «Көркем сөз шебері», посвящённый творчеству выдающегося представителя казахской поэзии — Муқағали Макатаева.
Цель конкурса — повысить интерес молодого поколения к поэзии, сформировать культуру выразительного чтения и через стихи Муқағали прославлять духовные ценности.
Учащиеся выразительно читали стихотворения поэта, демонстрируя сценическую культуру и мастерство художественного слова. Каждый участник подарил зрителям особые эмоции, передав проникновенные строки, трогающие сердце.
Победители были награждены, а активным участникам вручены благодарственные грамоты и сладкие подарки.
Стихи Муқағали — вечное наследие, которое будет звучать в сердцах поколений!

