Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мағжан оқулары» атты мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды
20
қазан
2023
  • 0

«Мағжан оқулары» атты мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды

Қазан айының 20-сы М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектепте 5-7 сынып оқушылары арасында көрнекті ақын, атақты азамат, белгілі педагог Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Мағжан оқулары» атты мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды. Байқауыдың мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы, поэзия әлеміндегі алатын орны және ақынның қуатты өлеңдері арқылы жастардың жүрегіне от беретін үнді әуен қалдыру.
Байқау екі бағыт бойынша өткізілді.
1-бағыт – “Тапқырлық”
2-бағыт – “Өлеңмен өрілген ой”
Оқушылар ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап беріп, өлеңдерін жатқа айтып бәсекеге түсті.
Әділ қазылардың шешімі бойынша байқаудың I орын жеңімпазы болып 7 «А» сынып оқушысы Низамдун Лейла, 2 орын жеңімпазы 5 «В» сынып оқушысы Искендиров Ильхам, 3 орын жеңімпазы Айсрахунова Эльянора, сондай-ақ “Ізденімпаз оқушы” және “Шығармашыл оқушы” номинацияларымен 7 “Б” сынып оқушысы Аманова Шахзадам мен 6 “Б” сынып оқушысы Аблизова Эльнара марапатталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: