«Рәнагүл» атты спектальге барып келді » КГУ "Общеобразовательная школа №150 им.М.Хамраева
Алматы қаласы Управления образованияның
«Общеобразовательная школа №150 имени "М.Хамраева»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Бухгалтерия
+7(727) 245-02-12
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » «Рәнагүл» атты спектальге барып келді
12
февраль
2023
  • 0

«Рәнагүл» атты спектальге барып келді

Жас жеткіншектердің сабақтан тыс уақытта, бір мезгіл, өзінің жан-жақты дамуына да, болашағына да пайдалы саналатын көпшілік шараларға барып, қатысып, мәдениет, өнер, спорт әлемі сыйқырларынан өзіндік рухани азық алуларына қолдау көрсету – ата-аналардың да, педагог қауымының да басты парыздарының бірі болса керек...
Театр – балалар үшін рухани өсуге, әдемілік пен әдептілікке тәрбиелейтін бірден-бір эстетикалық өнер ордасы. Өресі биік өнер де, көрерменге көрікті ой салар өнер де - осы, театр! М. Хамраев атындағы №150 ЖББ мектептің 1-4 – сынып оқушылары Қ. Құжамьяров атындағы Мемлекеттік Республикалық академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрында Г.Х.Андерсеннің «Дюймовочка» ертегісі бойынша қойылған «Рәнагүл» атты спектальге барып келді. Спектакльдың жоғарғы дәрежеде өтуі – оқушыларымыздың сахнадан көз алмай, үлкен қызығушылықпен қарап отыруынан-ақ белгілі болды десек қателеспейміз. Спектакльдың соңында оқушылар ертегі кейіпкерлерімен бірге би билеп, керемет көңіл күймен қайтты.

  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: