Ата-аналар жиналысы
Алматы қаласы, Алатау ауданы М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектепте 07.11.2022ж күні жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыс «Мектеп пен ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі» тақырыбында өткізілді. Әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек» – деп айтып кеткендей, балалардың баянды болашақтары үшін педагогтар мен ата-аналардың күшін біріктіріп, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу мақсаты алға қойылды. Жиналысты мектеп директоры Имашев М.А. бастады. Күн тәртібі бойынша директордың тәрбие және оқу ісі жөніндегі орынбасарлары 2021-2022 оқу жылының 1 тоқсан ішінде оқушыларымыздың жеткен жетістіктері жайлы айтып өтті. Мектебіміздің психологы және әлеуметтік педагогы ата-аналарға «Баланың бас ұстазы – ата-ана» және «Отбасым – менің бақытым» атты тренинг өткізді.
Жиналыстың соңында ата-аналар өздерінің тараптарынан әр түрлі ұсыныстар, пікірлер білдіріп және сұрақтар қойып, жауаптарын алды.
Жиналыстың қорытындысы ретінде:
Ұл – қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салу – міндетіміз. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеп, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз керек.