Л.Мүтәллиптің 100 жылдық мерейтойына орай әдеби кеш » КГУ "Общеобразовательная школа №150 им.М.Хамраева
Алматы қаласы Управления образованияның
«Общеобразовательная школа №150 имени "М.Хамраева»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Бухгалтерия
+7(727) 245-02-12
Версия для
слабовидящих
» » Л.Мүтәллиптің 100 жылдық мерейтойына орай әдеби кеш
15
декабрь
2022
  • 0

Л.Мүтәллиптің 100 жылдық мерейтойына орай әдеби кеш

Декабрь айының 14-і Алатау ауданы, Алматы қаласы М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектепте ұйғыр халқының танымал ақыны, көрнекті жазушысы, талантты драматург Лутпулла Мүтәллиптің 100 жылдық мерейтойына орай «Роһи өчмәс Лутпулла» атты әдеби кеш өткізілді. Бұл іс-шараға Алматы қаласы, Управления образования білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығының әдіскері Шакретова Қаламқас Базарбаевна, «Бейбітшілік әлемі» атты халықаралық қазақ творчестволық бірлестігінің мүшесі Азтекин Ибрагимов, Республикалық ұйғыр этномәдени орталығы ақсақалдар төрағасы Ярмуһәммәт Кибиров, Мемлекеттік Құддыс Қожамияров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театрының талантты әншісі, мәдениет қайраткері Пархат Даутов, Қалалық ұйғыр этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Исақжан Лоқманов, Алатау аудандық ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы Турғанжан Юсупов, Алатау аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Ахчихан һажим Амраева, Шапағат ықшам ауданының әйелдер кеңесінің төрайымы Хуршидәм Имерлаева, орынбасары Мәхпирәт һажим Заитова, Шапағат ықшам ауданының жігіт басы Үсіпжан Бәраев, сондай-ақ активист тұрғындарынан Гульварәм Тохтахунова, Нуржамал Юсупова, Розигүл Аюповалар қатысты.
Әдеби кеш Лутпулла Мүталлиптің өмірінен алынған сахналық қойылыммен басталды. М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектептің музыка пәні мұғалімі Тейипжан Турганов «Салам, Лутпулла» әнін орындаса, халқымыздың талантты әншісі Пархат Даутов ақынның өлеңдері негізінде жазылған әндерді орындап көрермендердің қошеметіне бөленді. Іс-шара барысында оқушылар Л.Мүтәллиптің өлеңдерін жатқа айтып, өмірбаяны туралы мәлімет беріп өтті. Кештің сәнін мектептің «Шәбнәм» атты би тобының орындауындағы әсем билері келтірді. Іс-шара соңында қатысқан оқушылар марапатталып, келген қонақтар сөз сөйлеп, өз ризашылығын білдірді. Әдеби кеш жоғары дәрежеде өтті.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: