Последние публикации на сайте » Страница 11 » КГУ "Общеобразовательная школа №150 им.М.Хамраева
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Последние публикации на сайте » Страница 11
“Stories and poems” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
24
қаңтар
2024
“Stories and poems” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектепте ағылшын тілі мұғалімі Зунунова Гулистан 5 «В» сыныбына “ Stories and poems” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім сабағында оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін тиімді пайдаланды. Сабақ барысында топпен жұмыс, жұппен жұмыс жасады.  
Қыздар жиналысы
24
қаңтар
2024
Қыздар жиналысы
Мектебімізде 24.01.2024 күні “Қыз бала -ұлттың ұяты ел болашағы” тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Мақсаты: Қыз бала тәрбиесін, қыз баланың әдептіліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың жаршысы екенін айту. Қыз баланы құрметтеп, қастерлей білуге тәрбиелеу. Халықтың ұлттық болмысын сақтай отырып, қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге, олардың денсаулығына, ұлт болашағына, рухани байлығына, тәрбиесіне келтіретін зияны туралы түсінік беру, олардың ішкі және сыртқы жан дүниесінін
«Сен өз құқығыңды білесің бе?” тақырыбында диспут өткізілді.
23
қаңтар
2024
«Сен өз құқығыңды білесің бе?” тақырыбында диспут өткізілді.
М.Хамраев атындағы 150 жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқушылары арасында «Сен өз құқығыңды білесің бе?” тақырыбында диспут өткізілді. Мақсаты : Оқушылардың құқық туралы білімін нығайту заң алдында жауапкершілігін арттыру,өз құқығын білуге тәртіпті болуға тәрбиелеу. Диспут барысында оқушылар бала құқықтары туралы бар білгенін талқыға салып,бір-бірімен ой бөлісті. Диспут соңында 5- сыныптың сынып жетекшілері Р.Хашимжан,Ш.Аширова,Ш.Рехимовалар оқушыларға жағдаяттарды мысалға келтіре отырып
«Заң және біз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
23
қаңтар
2024
«Заң және біз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Алматы қаласы, Алатау ауданы М. Хамраев атындағы №150 ЖББМ 9-11-сынып оқушыларына  «Заң және біз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: -оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру; -жасөспірімдердің қылмыстылығының қылмыстық сипаттамасын беру, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру; -Қазақстан Республикасының Конституцияы баптарын біліп, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, ұлтжандыққа құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу; ойлау,
«My day» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
22
қаңтар
2024
«My day» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектепте ағылшын тілі мұғалімі Заирова Нурваням Нурахметовна 3«Б» сыныбына «My day» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында түрлі әдістері қолданылды. Жан-жақты логикалық ойлау дағдысын дамытуға арналған жаттығулар сабақ мақсатына жеткізді.[media=https://www.instagram.com/reel/C2hbE6NslZ9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==]
«Бес күн бес іс-шара» жобасы аясында сыныптар арасында ҚР-ның Мемлекеттік Әнұраны орындалды.
22
қаңтар
2024
«Бес күн бес іс-шара» жобасы аясында сыныптар арасында ҚР-ның
М.Хамраев атындағы 150 жалпы білім беретін мектепте «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде «Бес күн бес іс-шара» жобасы аясында сыныптар арасында ҚР-ның Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Мақсаты: оқушылардың патриоттық рухын нығайту,елім,жерім дейтін жас өспірімдерді тәрбиелеу. #біртұтастәрбие [media=https://www.instagram.com/reel/C2hFm0hsRgx/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==]
«Орыс тілі мен әдебиет, ағылшын тілі пәндер бірлестігінің онкүндігі»
19
қаңтар
2024
«Орыс тілі мен әдебиет, ағылшын тілі пәндер бірлестігінің онкүндігі»
М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектепте «Орыс тілі мен әдебиет, ағылшын тілі пәндер бірлестігінің онкүндігі» салтанатты түрде ашылды. Онкүндіктің мақсаты пәндердің талапқа сай оқытылуын қамтамасыз ету болып табылады. Ашылу салтанаты барысында онкүндік ішінде өтілетін ашық сабақтар, сабақтан тыс іс-шаралар таныстырылып өтілді. [media=https://www.instagram.com/reel/C2hJSaWLgRm/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==]
Д.Қонаевтың туғанына 112 жыл толуына орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды
18
қаңтар
2024
Д.Қонаевтың туғанына 112 жыл толуына орай дөңгелек үстел
Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 112 жыл толуына орай М.Хамраев атындағы ЖББ мектеп кітапханысында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Адамгершілік, рухани қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру, отансүйгіштік сезімдерін шыңдау.  
Ұлдар жиналысы өткізілді
17
қаңтар
2024
Ұлдар жиналысы өткізілді
Жақында М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектебінде 5-7 сынып ұл балаларына жиналыс өткізілді. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, ұстаздары және “Шапағат” ықшам ауданының активист тұрғындары, полиция, медицина қызметкерлері қатысты. Ұл балаларға кең түрде мағлұматтар беріліп, тәрбиелік мағынасы терең ақпараттық және насихаттық жұмыс жүргізілді. Келген қонақтар оқушыларға арнайы дайындап келген бейнероликтер көрсетті. “ Тәрбие отбасынан басталады” тақырыбы негізінде өткен бұл мектепішілік жиналыстың мақсаты
“ҚР -ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 127 баптармен таныстыру”
16
қаңтар
2024
“ҚР -ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 127 баптармен таныстыру”
16.01.2024 күні мектеп оқушыларына “ҚР -ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 127 баптармен таныстыру” тақырыбында сыныптан тыс дәріс өткізілді. Мақсаты: Құқық сөзінің мағынасын түсіндіре отырып,бала құқықтарымен таныстыру. Сабаққа мектеп инспекторы Кожаков Алибек Батырбекович қатысып, оқушыларды 127 баппен таныстырып, тақырып төңірегінде бейнеролик көрсетті. Оқушылар сабақ барысында көкей тесті сұрақтарын қойды.