Последние публикации на сайте » Страница 8 » КГУ "Общеобразовательная школа №150 им.М.Хамраева
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Последние публикации на сайте » Страница 8
"Алтын жүрек" челленджі
01
ақпан
2024
"Алтын жүрек" челленджі
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектеп парламенті баршаларыңызды “Алғыс айту”  күнімен құттықтайды! «Алғыс айту» күні -халқымыздың ынтымақ -бірлігін айғақтайтын мереке.Бұл күні мейірімділіктің, адамдардың бір-біріне деген достығы мен сыйластығының жарқын мерекесі. Осығай орай мектеп парламенті “Алтын жүрек” челленджін Алатау ауданының мектептерінен қабыл алып, мектебімізде “Алғыс айту тақтасын” ұйымдастырды. Жақындарымызға жақсылық жасап, бір-бірімізге алғыс айтудан жалықпайық! Ынтымағымызбен
Шығармашылық күн
30
қаңтар
2024
Шығармашылық күн
150 жалпы білім беретін мектепте “Бес күн - бес іс - шара” жобасы аясында 2-күн “Шығармашылық күн” бойынша, мектебімізде “Чевәр қоллар” тақырыбында 8-10 -сынып қыздары арасында байқау ұйымдастырылуда. Мақсаты: Қыздарға бойындағы нәзіктікті сезіндіру,өз ара қарым-қатынас орнатуға үйрету,достықты бағалауға,бос уақытын тиімді пайдалануға бағыт-бағдар беру. #біртұтастәрбие[media=https://www.instagram.com/reel/C2uHxevL35J/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==]
“Адал болу адамға не үшін қажет?” тақырыбында сұхбат өткізілді.
30
қаңтар
2024
“Адал болу адамға не үшін қажет?” тақырыбында сұхбат өткізілді.
М.Хамраев атындағы 150 ЖББМ 10-сынып оқушылары арасында “Адал болу адамға не үшін қажет?” тақырыбында сұхбат өткізілді. Мақсаты: Адамның бойындағы ұнамды-ұнамсыз қасиеттерді айта отырып, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге, адамдармен қарым-қатынас дағдыларын жасауға баулу. Сұхбат барысында 10-сынып жетекшілері Г.Маметова мен Г.Исмаилова оқушыларға тақырып төңірегінде жағдаяттарды беріп,адалдық дегенге оқушы көз қарасын анықтады. #біртұтастәрбие
5 «Б» сыныбына ашық сабақ өткізді
29
қаңтар
2024
5 «Б» сыныбына ашық сабақ өткізді
Мектебімізде ағылшын тілі мұғалімі, педагог-сарапшы Якияева Халидам Билаловна 5 «Б» сыныбына ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында әр тапсырма сайын оқушыларға мадақтау арқылы кері байланыс берілді. Оқушылар берілген тапсырмаларды белсенді түрде орындап, өз қабілеттерін көрсетті. Мұғалім жеке, топтық жұмыстарын ұйымдастыру арқылы өз мақсатына жете білді.  
Патриоттық күн
29
қаңтар
2024
Патриоттық күн
150 жалпы білім беретін мектепте "Бес күн-бес іс-шара" жобасын жүргізу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар. "Бес күн - бес іс - шара" жобасы аясында 1-күн “Патриоттық күн” бойынша, мектебімізде "Әнұран айту" челленджі өтті. Челленджді 2 -сынып оқушылары 1-сыныптардан қабыл алып,3-сыныптарға жолдады. Мақсаты: еліміздің мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсету, өз Отанына деген қадір - қасиет сезімін қалыптастыру.
«Тапқыр достар» тақырыбында интеллектуалды ойын сайысы өтілді.
26
қаңтар
2024
«Тапқыр достар» тақырыбында интеллектуалды ойын сайысы өтілді.
26.01.2024 жылы мектебімізде 4- сынып оқушылары арасында оқушылардың меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан-жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру мақсатында «Тапқыр достар» тақырыбында интеллектуалды ойын сайысы өтілді. [media=https://www.instagram.com/reel/C2keHMOsrjm/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==]
««О.Сулейменов. Стихотворение «Волчата»» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
25
қаңтар
2024
««О.Сулейменов. Стихотворение «Волчата»» тақырыбында ашық сабақ
Мектебімізде тәжірибелі ұстаз Ашимова Гулинур Генахуновна орыс тілі мен әдебиет сабағынан ««О.Сулейменов. Стихотворение «Волчата»» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Әр тапсырма сайын оқушыларға мадақтау арқылы кері байланыс берілді. Оқушылардың сабақ барысындағы белсенділіктері мұғалімнің жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолданылуының нәтижесі екендігі айқын көрінді. Оқушылар берілген тапсырмаларды белсенді түрде орындап, өз қабілеттерін көрсетті. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті. Мұғалім жеке, топтық
«Жер сілкінісіне дейін, жер сілкінісі кезінде және одан кейінгі халықтың іс-әрекеттері» тақырыбында түсіндіру жұмыстары
25
қаңтар
2024
«Жер сілкінісіне дейін, жер сілкінісі кезінде және одан кейінгі
Алатау ауданы М.Хамраев атындағы №150 ЖББ 2024 жылғы 25 қаңтар күні «Жер сілкінісіне дейін, жер сілкінісі кезінде және одан кейінгі халықтың іс-әрекеттері» тақырыбында мектеп оқушыларына онлайн форматта түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік шаралары жайлы ақпарат берілді. Төтенше жағдай орын алғанда мектеп ғимаратынан шығу жолдарымен жер сілкінісі кезіндегі батыл және жанқиярлық құтқару операцияларының мысалдарын келтіріп, төтенше жағдайлардың алдын алу
“ДОСБОЛLIKE” бағдарламасы
25
қаңтар
2024
“ДОСБОЛLIKE” бағдарламасы
“ДОСБОЛLIKE” бағдарламасын іске асыру мақсатында 25.01.24 күні мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері бастауыш сынып оқушыларын гүл отырғызудың қыр-сырымен таныстырып, іні-сіңлілеріне Қазақстанды көркейту,жасылдандыру біздің басты міндетіміз екенін түсіндірді. Мақсаты: оқушылардың ара-қатынасын нығайту,үлкендерді кішілерге үлгі көрсетіп,жақсы жолға бастама беруге шақыру. Бастауыш сынып оқушылары әпкелерінің айтқан ақылын тыңдап,берген кеңестері бойынша бірлікте гүл отырғызды.