Последние публикации на сайте » Страница 14 » КГУ "Общеобразовательная школа №150 им.М.Хамраева
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Последние публикации на сайте » Страница 14
“Автобус және метромен жүру” тақырыбында әңгіме жүргізді
13
желтоқсан
2023
“Автобус және метромен жүру” тақырыбында әңгіме жүргізді
.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектептің аға тәлімгері Хашимжан Р.А. 6 сынып оқушыларымен “Автобус және метромен жүру” тақырыбында әңгіме жүргізді. Мақсаты: Оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында білімдерін толықтыру. Жол қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға, орындауға баулу. Ой – өрісін дамытып, түсініктерін кеңейту.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп- тұруға, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.  
«Тәуелсіз елім –бақытым менің»
12
желтоқсан
2023
«Тәуелсіз елім –бақытым менің»
Алматы қаласы Алатау ауданы №150 ЖББ мектепте «Тәуелсіз елім –бақытым менің» тақырыбында 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді.  
“Бабалар аманаты” кәсіби байқауы
11
желтоқсан
2023
“Бабалар аманаты” кәсіби байқауы
Алматы қаласы Алатау ауданының ұйымдастырумен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында, қалалық “Бабалар аманаты” кәсіби байқауыны аудандық кезеңі өтті. Аудан мектептері арасынан №150 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мурадилова Альбина Мухитжановна сайысқа қатысып “Шешендік өнер” номинациясының жеңімпазы болып, III орынға ие болды. Құттықтаймыз  
Аудандық спорттық спартакиадаға қатысты
09
желтоқсан
2023
Аудандық спорттық спартакиадаға қатысты
09.12.2023ж күни №185 ЖББМ шаңырағында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Алатау ауданы мемлекеттік білім беру мекемелері қызметкерлері арасында спорттық спартакиада өткізілді. Спорттық додаға ауданымыздың барлық мектептері қатысты. Нәтижесінде мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Хашимжан Р.А. тоғызқұмалақ спорт түрінен III орынға ие болды.  
"Менің арманымдағы мамандық" байқауы
07
желтоқсан
2023
"Менің арманымдағы мамандық" байқауы
07.12.2023ж күні №156 ЖББ мектепте Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталықтық ұйымдастыруымен Алматы қалалық әлеуметтік жобасы оқушылардың өздері мамандықты саналы түрде таңдауын қалыптастыру мақсатында «Менің арманымдағы мамандық» атты 9-11 сынып оқушылары арасында байқау өткізілді. Байқауға мектебіміздің 9 «Б» және 11 «А» сынып оқушылары қатысып, III орынға ие болды. Жетекшілері: Ясунова З.М., Исмаилова Г.А.  
Төтенше жағдай бойынша оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді
06
желтоқсан
2023
Төтенше жағдай бойынша оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді
М.Хамраев атындағы N150 жалпы білім беретін мектепте Төтенше жағдай бойынша оқушыларға “Осторожно, тонкий лед” атты видео көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді  
Төтенше жағдай бойынша оқушыларға түсіндірме жұмыстары өткізілді
06
желтоқсан
2023
Төтенше жағдай бойынша оқушыларға түсіндірме жұмыстары өткізілді
М.Хамраев атындағы N150 жалпы білім беретін мектепте Төтенше жағдай бойынша сынып сағаттарында оқушыларға “Абайлаңыз, жұқа мұз” түсіндірме жұмыстары жүргізілді  
“Жас Ұлан”, “Жас Қыран” ұйымына салтанатты қабылдау рәсіміне қатысты
06
желтоқсан
2023
“Жас Ұлан”, “Жас Қыран” ұйымына салтанатты қабылдау рәсіміне қатысты
02.12.2023ж күні Алматы қаласы Оқушылар сарайында Республикалық “Жас Ұлан”, “Жас Қыран” ұйымына салтанатты қабылдау рәсімі өткізілді. Бұл іс-шараға мектебіміздің озат оқушылары қатысты.  
Тарих пән бірлестігінің онкүндігі салтанатты түрде ашылды
05
желтоқсан
2023
Тарих пән бірлестігінің онкүндігі салтанатты түрде ашылды
М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектепте Тарих пән бірлестігінің онкүндігі салтанатты түрде ашылды. Онкүндіктің мақсаты пәндердің талапқа сай оқытылуын қамтамасыз ету болып табылады. Ашылу салтанаты барысында онкүндік ішінде өтілетін ашық сабақтар, сабақтан тыс іс-шаралар таныстырылып өтілді.