Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Дарынды балаларға-талантты ұстаз"
04
қараша
2022
"Дарынды балаларға-талантты ұстаз"
Дарын РҒПК ұйымдастырған “Дарынды балаларға-талантты ұстаз” Республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектептің аға тәлімгері Хашимжан Р.А. III орын иегері атанды. Құттықтаймыз!  
№2 педагогикалық кеңес
03
қараша
2022
№2 педагогикалық кеңес
03.11.2022ж күні М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектепте «Бала тәрбиесіндегі ұстаздың рөлі» тақырыбында №2 педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңес барысында келесі мәселелер қарастырылды: 1) №1 Пед.кеңестің шешімдерінің орындалуы; 2) 1 тоқсандағы оқушылардың қозғалысы, білім сапасының көрсеткіші; 3) 1 тоқсандағы оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы; 4) Электронды журналдың жүргізілуі; 5) Әр түрлі мәселелер.  
"Қамқор" медалімен марапатталды!
03
қараша
2022
"Қамқор" медалімен марапатталды!
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Рахмидинив С.С-тың көп жылдық еңбегі жоғары бағаланып, Қазақстан ұйғырларының Республикалық этномәдени орталығының Алматы қаласындағы филиалы бекіткен “Қамқор” медалімен марапатталды. Құттықтаймыз!  
"Алтын күз" тақырыбында суреттер салды
02
қараша
2022
"Алтын күз" тақырыбында суреттер салды
Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілмен ұштасады. Әр мезгіл өз сұлулығымен ерекшеленеді. Күз-молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі болып саналады. М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектептің бастауыш сынып оқушылары күзгі демалыс кезінде “Алтын күз” тақырыбында суреттер салуда.  
"Зерделі" мектепішілік олимпиада жүлдегері атанды
01
қараша
2022
"Зерделі" мектепішілік олимпиада жүлдегері атанды
«Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен математика пәнінен өткізілген мектепішілік олимпиадасына қатысып, М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектебінің 4 «Б» сынып оқушысы Гуламжанова Рабиям II орын жүлдегері атанды. Құттықтаймыз!  
Күзгі демалысты қызықты өткізуде
01
қараша
2022
Күзгі демалысты қызықты өткізуде
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектептің бастауыш сынып оқушылары күзгі демалысты қызықты өткізуде. 4 “Б” сынып оқушысы Гуламжанова Рабиям “Хогвартс” атты ас әзірлеуді жаңадан бастаушыларға арналған квесттен өтті.  
"Күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері" түсіндірме жұмыстары
01
қараша
2022
"Күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері" түсіндірме жұмыстары
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектепте күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру  мақсатында   жиналыс  өткізілді. Жиналыста жасөспірімдерге  адам өміріне  қауіп төндіретін кесетін, атқыш, жарылғыш заттардың қауіптілігі   туралы және олардан сақтану жолдары, қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  
"Кенгуру-математика барлығы үшін" конкурсының жүлдегерлері
31
қазан
2022
"Кенгуру-математика барлығы үшін" конкурсының жүлдегерлері
Дарынды мектеп оқушыларын анықтау, математикалық сауаттылығын арттыру және ғылым негіздері бойынша олардың білімдерін тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК 1-11 сыныптар арасында «Кенгуру – математика барлығы үшін» халықаралық ойын конкурсын өткізді. Осы конкурстың нәтижесі бойынша III дәрежелі дипломмен 1 “Б” сынып оқушылары марапатталды.  
Бокс турнирінде I орын иегері атанды
31
қазан
2022
Бокс турнирінде I орын иегері атанды
Оқушыларымыздың жетістіктері біз үшін үлкен сыйлық! М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектептің 6 “Б” сынып оқушысы Тейипжанов Амир жастар және жасөспірімдер арасында “Республика күні” мерекесіне орай арнайы өткізілген ашық бокс турнирінде I орын алды. Құттықтаймыз!!!  
Күз туралы мультфильм көруде
31
қазан
2022
Күз туралы мультфильм көруде
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектептің 2022-2023 оқу жылындағы “Күзгі демалыс” іс шаралар жоспарына сәйкес оқушылардың демалыс күндері қызықты өткізілуі үшін 2 “Б” сынып жетекшісі Каримова Г.М-ның сыныбындағы Турсунова Диляра, Гаппаров Азатжан, Масимова Ситоралар ата-аналарымен бірге күз туралы мультфильм көруде.