Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"20 минут кітап оқу" акциясы ұйымдастырылды
20
желтоқсан
2023
"20 минут кітап оқу" акциясы ұйымдастырылды
Алматы қаласы, Алатау ауданы М. Хамраев атындағы №150 ЖББ мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп»жобасы аясында 5-11 сынып оқушыларымен «20 минут кітап оқу» акциясы ұйымдастырылды.Мақсаты:Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.Кітап оқуға,соның ішінде көркем əдебиеттерді оқуға қызығушылықтарын арттыру,кітап оқуға сүйіспеншілікпен қарап,алдағы уақыттарда да,оқып жүруге ынталарын қалыптастыру.  
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
23
қараша
2023
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
“Оқуға құштар-мектеп” жобасы аясында қазақ халқының аса көрнекті суреткер жазушы,ақын,драматург,қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығын таныстыру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Б.Майлиннің өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру,қарапайымдылық пен еңбекқорлыққа тәрбиелеу, ақын шығармаларынан үлгі алу,оқушылардың сөйлеу,тыңдау мәдениетін дамыту.  
Күзгі демалыста кітап оқу
02
қараша
2023
Күзгі демалыста кітап оқу
Кітап – рухани сарқылмас қазына. Кітап деген де, әр адамның түсінігі әр түрлі. Мәселен біреулер ермек үшін оқыса, біреулер адам өміріңдегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы деп түсінеді. Білімнің қайнар бұлағы- кітап деп бекер айтпаған.Сондықтан да мұны адамзаттың баға жетпес құндылығы деп мектебіміздің оқушылары кітап оқып, күзгі демалысты пайдалы өткізуге тырысты.
«Балалар кітапханасы» жобасы
01
қараша
2023
«Балалар кітапханасы» жобасы
«Балалар кітапханасы» жобасы «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Ізгілікке қалам тартқан ... жас ғұмыр» тақырыбында мектебіміздің 5 «А, Б» сынып оқушылары мектеп кітапханасына саяхат жасады.  
"Жасай бер, Қазақстан" атты  көрме
24
қазан
2023
"Жасай бер, Қазақстан" атты көрме
25 қазан - Республика күні мерекесіне орай, кітапхананың көпшілік оқырмандары назарына "Жасай бер, Қазақстан" атты тақырыптық көрме безендендірілді. Көрменің мақсаты: оқырмандарды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.  
Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған  дөңгелек үстел
19
қазан
2023
Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған дөңгелек үстел
Бүгін жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған 8-сыныптар арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты: 1. Оқушыларға жазушы өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру; 2. Оқушылардың ой - өрісін, қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; 3. Оқушыларды тәртіптілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту.  
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
18
қыркүйек
2023
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында әдеби және ертегі кітаптарға кітап көрмесі Мақсаты: Оқырмандарды кітап оқу өнеріне, дүниетанымын кеңейтуге, білімдерді сарқып білуге, көркем шығармалардың тамашалығын сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, өмірде, еңбекте , оқуда, кітапты пайдалануға баулу.  
Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" романы тақырыбында дөңгелек үстел
18
мамыр
2023
Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" романы тақырыбында дөңгелек үстел
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" романы эпопеянына дөңгелек үстел. Мақсаты: Оқушы бойына жазушының шығармашылық жолын таныту, қазақ әдебиетінее алар орны мен сіңірген еңбегін бағалауға тәрбиелеу.  
"Әлем әдебиетін бірге оқимыз" акциясы
28
наурыз
2023
"Әлем әдебиетін бірге оқимыз" акциясы
  “Әлем әдебиетін бірге оқимыз” акциясы аясында мектебіміздің 2 “Б” сынып оқушысы Турсунова Диляра кітап оқу арқылы көктемгі демалысын қызықты өткізді.
Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл толуына орай кітап көрмесі
14
наурыз
2023
Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл толуына орай кітап көрмесі
Қазақ патриотизмінің үлгісі болған Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл толуына орай М.Хамраев атындағы 150 мектеп кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Сұлтан Бейбарыстың өмірбаяны арқылы тарихи тұлғаларымызға деген қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу.Оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, отансүйгіштікке баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.