08
қазан
2021
«Қыз бала - келешек ана» тақырыбында сұхбат өткізілді.
Қыз − өмірдің гүлі, барлық адамзаттың қадірлеп, аялайтын асыл аруы десек те артық емес. Ата- бабамыз нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты әрбір қызының бойына сіңіріп өсірген.
Сол тәрізді ата-дәстүр, салт-сананы берік ұстанып өскен қыз қай ортада болсын, өзінің ерекше болмысымен көзге түсетіні анық.
Шешесі үйретпепті демесін деп анасы қызына бойындағы бар жақсы қасиетін сіңіруге тырысады.
Әрбір баланың өмір жолы, тәрбиесі отбасынан, одан соң мектеп қабырғасынан бастау алары сөзсіз. Сондықтан да, мектепте оқып жүрген қыз бала, ол − үйдегі ата-ананың көз қуанышы, мектепте ұстаздарының мақтанышы бола білуі тиіс.
М. Хамраев атындағы №150 ЖББ мектебінде «Қыз бала - келешек ана» тақырыбында сұхбат өткізілді. Сұхбатқа «Шапағат» ықшам ауданы ханым-қыздар кеңесінің төрайымы Тохтахунова Гулварәм мен Рузиева Шәмшинур қатысып өз ойларымен бөлісті. Олар
қыз бала үйден шыққанда тап-таза киініп, шашын таранып әдепті болу керектігін, әсем күлкісімен айналаға нұрын шашып жүруімен қатар сабағын да жақсы оқуы тиістігін айтты.