Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Рәміздер күні
04
маусым
2024
Рәміздер күні
Алматы қаласы Алатау ауданы М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектебінде “Лачин” жазғы демалыс лагерінің оқушылары арасында «Мемлекеттік рәміздері күніне орай сурет байқауы өткізілді. Балалар таза ауада сурет салды. Мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы түсінік беру; Патриоттық сезімді, отанға деген сүйіспеншілікті арттыру.  
Лагеріміздегі "Квест"ойыны
30
мамыр
2024
Лагеріміздегі "Квест"ойыны
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектеп жанындағы “Лачин” жазғы демалыс лагерінің бүгінгі күні баланың ойлау, танымдық, шығармашылық қабілеттерін, бірлесе әрекет ету іс-қимылдарын, тілдерді үйренуге деген қызығушылығы,ұйымшылдыққа, тапсырмалардың шешімін оңай және жылдам шешуге,топта жұмыс жасауға, өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеуге арналған “Квест” ойынымен қызықты өтті. Балалар 2 топқа бөлініп, лагеріміздің тәрбиешілері тарапынан ұйымдастырылған тапсырмаларды орындауға кірісті. Соңында
“ҰБТ-ға сеніммен барайық!” атты тренинг өткізді.
28
мамыр
2024
“ҰБТ-ға сеніммен барайық!” атты тренинг өткізді.
№150 ЖББМ психологы Г. Исмаилова 28.05.2024 ж 11 сынып білім алушылармен ата-аналарына “ҰБТ-ға сеніммен барайық!” атты тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: ҰБТ кезінде ата-ана мен бала арасында өзара түсіністіктің қалыптасуына ықпал ету. - ата-аналар арасында ҰБТ-ның шынайы бейнесін қалыптастыру және шындыққа жанаспайтын үміттерді түзету;  
Лагеріміздегі "Эстафета күні"
28
мамыр
2024
Лагеріміздегі "Эстафета күні"
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектеп жанындағы “Лачин” атты лагерьдің екінші күні - “Спорт күні” деп аталып, балалармен эстафеталық ойындар ұйымдастырылды. 🏕️⛺️Мақсаты: ⛱️1. Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге шақыру салауатты өмір салтын қалыптастыру. Эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру. ⛱️2. Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, достық пен ынтымақшылдыққа, инабаттылыққа, елжандылыққа баулу. ⛱️3. Күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту.  
Лагерьдің ашылу салтанаты
27
мамыр
2024
Лагерьдің ашылу салтанаты
Бүгін М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектебінде оқушылардың жазғы демалысын көңілді өткізу үшін мектеп мектеп жанындағы «Лачин» атты жазғы лагерьдің салтанатты ашылуы өткізілді. Ән, бимен басталған бұл іс-шарада мектеп психологы оқушылардың бір-бірін жақсы танып, қоғамдық бейімделуіне ықпалын тигізетін психологиялық жаттығу жасатып, балалардың көңіл күйін көтерді. Алда балаларды қызықты жарыстар, ойындар күтуде.  
Соңғы қоңырау
25
мамыр
2024
Соңғы қоңырау
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектепте «Соңғы қоңырау» салтанатты кеші өтті. Балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алған келесі бір топ түлектер соңғы қоңыраудың үнін естіп, мектеп вальсін билеп, үлкен өмірге қадам басса, келесі мектеп оқушылары сыныптан сыныпқа көшіп, ақылдарына ақыл қосты. Салтанатты жиында Қазақстан Республикасының Гимні орындалып, мемлекеттік Ту ортаға әкелінді.Мектеп директоры Имашев Мухидин Абдухелилұлы жиынды ашу барысында жиналған қауымға құттықтау сөзін айтып,
Салтанатты кездесу өткізілді
28
сәуір
2024
Салтанатты кездесу өткізілді
25 сәуір күні , М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектепте, “Шагирт дилини ойғатқан устаз” тақырыбында ұйғыр тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, ғалым Һакимжан Һәмраевтың 60 жылдық мерейтойына орай салтанатты кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге мектеп әкімшілігі, ұстаздары және оқушылары, сондай-ақ РҰЭМ орталығы жанындағы Ағарту және Әдебиет кеңесі тарапынан кеңес төрағалары Шәмшидин Аюпов және Рәхмәтжан Йүсүповтар қатысты.  
“Үздік сынып жетекші - 2024” байқауы
27
сәуір
2024
“Үздік сынып жетекші - 2024” байқауы
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектепте “Үздік сынып жетекші - 2024” байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – сынып жетекшілердің өзара тәжірибе алмасуына, шығармашылық зертханасын айқындауға, оқушыларға білім берудегі өзгерістерді еркін меңгеруге бағытталған. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарындағы тәрбие ісін жандандыру және шығармашыл жетекшілерді анықтау үшін бұл сайыс жыл сайын ұйымдастырылып отырады.Бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім-тәрбиенің
“Мектеп түлектерінің ағаш отырғызу” акциясы
27
сәуір
2024
“Мектеп түлектерінің ағаш отырғызу” акциясы
“Алматы біздің ортақ үйіміз” науқаны аясында 26.04.2024 күні М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектепте “Мектеп түлектерінің ағаш отырғызу” акциясы өтті. Оған 11 “А” сынып оқушылары белсене қатысып,мектеп ауласына әр оқушы бірден ағаш пен гүл көшетін отырғызды. #АлматыНашОбщийДом #НасМногоГородОдин #АлматыБіздіңОртақҮйіміз #БізКөппізҚалаЖалғыз [media=https://www.instagram.com/reel/C6Nyxlgsz3q/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==]
«Эко болашақ» жобасы
24
сәуір
2024
«Эко болашақ» жобасы
М.Хамраев атындағы 150 жалпы білім беретін мектептің 10 «Б» сынып оқушылары «Эко болашақ» жобасы аясында мектеп ауласына “құлпынай” көшетін отырғызды. Мақсаты: Алматы қаласының экологиялық болашағын сақтай отырып, ешқандай қоспаларсыз экологиялық таза жеміс өсіруге атсалысу.  #АлматыНашОбщийДом ,  #НасМногоГородОдин ,  #АлматыБіздіңОртақҮйіміз ,  #БізКөппізҚалажалғыз @akimat_almaty @erbolat_dosaev_official @alatau_bilim_bolimi @akmurzaevakarlygash @lyazzat__88