Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Кітап-рухани сарқылмас қазына
06
қараша
2022
Кітап-рухани сарқылмас қазына
Кітап – рухани сарқылмас қазына. Кітап деген де, әр адамның түсінігі әр түрлі. Мәселен біреулер ермек үшін оқыса, біреулер адам өміріңдегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы деп түсінеді. Білімнің қайнар бұлағы- кітап деп бекер айтпаған.Сондықтан да мұны адамзаттың баға жетпес құндылығы деп білген 5 “Б” сынып оқушысы Рустамов Рамазан да әжесімен бірге кітап оқып, күзгі демалысты пайдалы өткізуге тырысты.  
"Отбасылық шеберхана"
05
қараша
2022
"Отбасылық шеберхана"
Қиял мен шығармышылққа кеңінен жол беретін, толып жатқан алуан түрлі сый-сыяпат пен көптеген материалдарға толы, жылдың ең керемет, ең жарқын, ең дархан да алуан түсті, көркем мерзімі - алтын күз. Көптеген заттардың түрін көкеністер мен жемістерден істеуге болады. М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектептің  оқушылары да өз қиялынан туған қолөне  р бұйымдарын және суреттерді салуда.
"Дарынды балаларға-талантты ұстаз"
04
қараша
2022
"Дарынды балаларға-талантты ұстаз"
Дарын РҒПК ұйымдастырған “Дарынды балаларға-талантты ұстаз” Республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектептің аға тәлімгері Хашимжан Р.А. III орын иегері атанды. Құттықтаймыз!  
№2 педагогикалық кеңес
03
қараша
2022
№2 педагогикалық кеңес
03.11.2022ж күні М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектепте «Бала тәрбиесіндегі ұстаздың рөлі» тақырыбында №2 педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңес барысында келесі мәселелер қарастырылды: 1) №1 Пед.кеңестің шешімдерінің орындалуы; 2) 1 тоқсандағы оқушылардың қозғалысы, білім сапасының көрсеткіші; 3) 1 тоқсандағы оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы; 4) Электронды журналдың жүргізілуі; 5) Әр түрлі мәселелер.  
"Қамқор" медалімен марапатталды!
03
қараша
2022
"Қамқор" медалімен марапатталды!
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Рахмидинив С.С-тың көп жылдық еңбегі жоғары бағаланып, Қазақстан ұйғырларының Республикалық этномәдени орталығының Алматы қаласындағы филиалы бекіткен “Қамқор” медалімен марапатталды. Құттықтаймыз!  
"Алтын күз" тақырыбында суреттер салды
02
қараша
2022
"Алтын күз" тақырыбында суреттер салды
Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілмен ұштасады. Әр мезгіл өз сұлулығымен ерекшеленеді. Күз-молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі болып саналады. М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектептің бастауыш сынып оқушылары күзгі демалыс кезінде “Алтын күз” тақырыбында суреттер салуда.  
"Зерделі" мектепішілік олимпиада жүлдегері атанды
01
қараша
2022
"Зерделі" мектепішілік олимпиада жүлдегері атанды
«Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен математика пәнінен өткізілген мектепішілік олимпиадасына қатысып, М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектебінің 4 «Б» сынып оқушысы Гуламжанова Рабиям II орын жүлдегері атанды. Құттықтаймыз!  
Күзгі демалысты қызықты өткізуде
01
қараша
2022
Күзгі демалысты қызықты өткізуде
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектептің бастауыш сынып оқушылары күзгі демалысты қызықты өткізуде. 4 “Б” сынып оқушысы Гуламжанова Рабиям “Хогвартс” атты ас әзірлеуді жаңадан бастаушыларға арналған квесттен өтті.  
"Күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері" түсіндірме жұмыстары
01
қараша
2022
"Күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері" түсіндірме жұмыстары
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектепте күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру  мақсатында   жиналыс  өткізілді. Жиналыста жасөспірімдерге  адам өміріне  қауіп төндіретін кесетін, атқыш, жарылғыш заттардың қауіптілігі   туралы және олардан сақтану жолдары, қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  
"Кенгуру-математика барлығы үшін" конкурсының жүлдегерлері
31
қазан
2022
"Кенгуру-математика барлығы үшін" конкурсының жүлдегерлері
Дарынды мектеп оқушыларын анықтау, математикалық сауаттылығын арттыру және ғылым негіздері бойынша олардың білімдерін тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК 1-11 сыныптар арасында «Кенгуру – математика барлығы үшін» халықаралық ойын конкурсын өткізді. Осы конкурстың нәтижесі бойынша III дәрежелі дипломмен 1 “Б” сынып оқушылары марапатталды.