Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Біздің "ЖОҚ" дегеніміздің маңызы" жобасына қатысты
29
қараша
2022
"Біздің "ЖОҚ" дегеніміздің маңызы" жобасына қатысты
28.11.2022ж күні Алматы қаласы, Алатау ауданы №26 ЖББ мектепте өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Біздің «ЖОҚ» дегеніміздің маңызы» атты аудандық әлеуметтік бастамалар жобасы ұйымдастырылды. Жобаға №150, №151, №160, №164, №179 мектеп оқушыларынан құралған «Намыс» тобы қатысып, II орын алды. М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектептен 8 «А» сынып оқушылары Джалалдинов Ришат пен Айыниса Абзал қатысты.  
«Мың бала» республикалық  жобасының жеңімпазы атанды!
28
қараша
2022
«Мың бала» республикалық жобасының жеңімпазы атанды!
28.11.2022ж күні Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. «Мың бала» жобасы 2015 жыл­дан бері Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен «Қазақ­тану» жалпыұлттық жобасы аясында ұйымдастырылып келеді. Бүгінде бұл жоба әртүрлі ұлт өкілдерінің жас­тарына қазақ халқының дәстүрін, мәдениетін және тілін үйретуге арналған жақсы бастамаға айналды. Салтанатты шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының
"Үздік талпыныс" номинациясымен марапатталды!
26
қараша
2022
"Үздік талпыныс" номинациясымен марапатталды!
Республикалық 7-11 сынып оқушылары арасындағы "Фан-Дебат" пікірсайыс турнирінің аудандық кезеңінде "ҮЗДІК ТАЛПЫНЫС" номинациясы бойынша қатысушы Алатау ауданы М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектебінің 11 "Б" сынып оқушысы Хайрамова Мадина марапатталды. Жетекшісі:Мурадилова Альбина Мухитжановна  
"Алтын күз" атты күзгі бал
25
қараша
2022
"Алтын күз" атты күзгі бал
"Аяулы күз -Алтын күз" аясындағы  дәстүрлі күз мерекесіне орай М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектепте күзгі бал  өтті. Бұл мереке туған жерді қадірлеуге,табиғатты аялауға, дәнді - дақылдардың, жеміс жидектердің , көкөністерді ысырап етпеу,өнерлі, дарынды балаларға қолдау көрсету,қабілет-дарынын дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Конкурстың қорытындысы негізінде: ГРАН-ПРИ - 9 “А”-сынып I орун - 10 “А”-сынып II орун - 9 “Б”-сынып III орун - 8 “В”-сынып вә “Чевәр” номинациясымен 8 “Б”-сынып оқушылары
"Білім және мансап-2022"
24
қараша
2022
"Білім және мансап-2022"
Бүгін М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектептің 11- сынып оқушылары мен мұғалімдері «Атакент-Экспо» компаниясымен ұйымдастырылған “Білім және мансап 2022” Қазақстандық халықаралық көрмесіне қатысты.  
"Оқуға құштар мектеп"
24
қараша
2022
"Оқуға құштар мектеп"
Алматы қаласы,Алатау ауданы М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектептің 4 “Б” сынып оқушыларымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ертегілер әлеміне саяхат» атты іс-шара өткізілді. Мақсаты:Оқушыларды кітап оқуға,оның ішінде ертегілерді оқуға шақыру, ертегілер арқылы жалпы дамуға рухани құндылықтарды бойларына сіңіру.Кітап оқудың,оның ішінде ертегілерді оқудың маңызын ашу.  
"Тәуелсіздік жұлдыздары"
24
қараша
2022
"Тәуелсіздік жұлдыздары"
Балалар жылы аясында өткен №1 оқушылар үйінің ұйымдастыруымен "Жас ұлан", "Жас қыран" ББЖ ұйымының "Туға қарап бой түзе" атты аудандық ту ұстаушылар байқауына мектебіміздің "Тәуелсіздік жұлдыздары" тобы қатысуы сәтінен.  
Бокс турниріне қатысып, I орын алды!
23
қараша
2022
Бокс турниріне қатысып, I орын алды!
Алматы қаласында, «Спарта» спорт кешенінде Классен Артур Игоревичты еске алу мақсатында халықаралық «NOMAD FIGHT CLUB» спорттық клубының ұйымдастыруымен өткізілетін ашық бокс турниріне М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектептің 5 “Б” сынып оқушысы Ниязов Имран қатысып, 40 келі салмақ дәрежесінде I орын иегерi атанды. Құттықтаймыз!  
Дебат турнирі
22
қараша
2022
Дебат турнирі
Алматы қаласы, Алатау ауданы №150 жалпы білім беретін мектебінде, "Білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы пікірсайыс турнирінің аудандық кезеңініне" қарарлар бойынша дайындық шаралары басталды. Дебат президентті мен дебат лидерлері жиналып, өз пікірлерін білдірді. Қарарлар бойынша дайындық жасады. Дайындық барысында өз ойын еркін білдіру мен ерекше ораторлық қабілетпен ерекше көзге түскен Хайрамова Мадина көп дауыс жинап аудандық кезеңге өтті. Барлығымыз сәттілік тілейміз.  
"Педагогикалық идеялар" мектепішілік фестивалі
21
қараша
2022
"Педагогикалық идеялар" мектепішілік фестивалі
Жақында Алматы қаласы, Алатау ауданы М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектепте «Педагогикалық идеялар фестивалінің» мектепішілік кезеңі өткізілді. Фестиваль озат тәжірибені көрсету үшін жағдай туғызуға, мектеп мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға, мұғалімдердің кәсіби дамуы мен заманауи әдістемелік идеяларды іздестіруге уәжін қалыптастыруға, білім беру ұйымының тәжірибесінде сабақты ұйымдастыруда авторлық әдістемелер мен технологияларды қолдануға мүмкіндік берді. Фестивальге 11