Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Биология пәнінен ашық сабақ өткізді
20
қаңтар
2023
Биология пәнінен ашық сабақ өткізді
Мектебімізде биология пәні мүғалімі Ясунова Зульфира Масмахуновна 9«Б» сыныбына ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында әр тапсырма сайын оқушыларға мадақтау арқылы кері байланыс берілді. Оқушылар берілген тапсырмаларды белсенді түрде орындап, өз қабілеттерін көрсетті. Мұғалім жеке, топтық жұмыстарын ұйымдастыру арқылы өз мақсатына жете білді. Оқушылардың ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру арқылы коммуникативтік қабілеттерін, ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту
"Мен жол ережелерін білемін" атты викторина ойыны
19
қаңтар
2023
"Мен жол ережелерін білемін" атты викторина ойыны
Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі - ең басты байлық. Сол себепті балалардың өмірінің қауіпсіздігі дағдыларын мектеп жасынан қалыптастыру қажет. Осы мақсатпен бүгін М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектептің 5-6 сыныптар арасында «Мен жол ережелерін білемін» атты викторина ойыны ұйымдастырылды. Мақсаты: .Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен жүре білуге үйрету.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін
"Туған ел" атты патриоттық әндер байқауы
18
қаңтар
2023
"Туған ел" атты патриоттық әндер байқауы
 Қаңтар айының 18 жұлдызында М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектептің 5-7 сынып оқушылары арасында «Туған ел» атты патриоттық әндер байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: оқушылардың рухани-патриоттық сезімін ояту, Отанға сүйіспеншілігін арттыру, азаматтық, адамгершілік қасиеттерін дамыту, патриоттық әндерді орындау шеберлігін шыңдау. Патриоттық әндер шырқалған әділ қазыларының шешімі бойынша: I ОРЫН – 6 «А» сынып оқушысы Низамдун Лейла II ОРЫН – 6 «А» сынып оқушысы Хайруллаева Шахназ II ОРЫН – 7
“Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері” атты сынып сағаттар өткізілді.
17
қаңтар
2023
“Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері” атты сынып сағаттар
  Бүгін М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектепте 1-11 сыныптар арасында “Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері” атты сынып сағаттар өткізілді. Мақсаты: балалардың қыс мезгілінде үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтай білу жөніндегі білімдерін бекіту; өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Қашықтықтан оқыту
12
қаңтар
2023
Қашықтықтан оқыту
Алматы қаласының білім басқармасының №10 бұйрығына сәйкес М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектепте ауа райының қолайсыздығына байланысты 2023 жылғы 12-13 қаңтар күндері қашықтан оқыту талаптары мен ережелеріне сәйкес сабақтарды Zoom және Google Meet платформалары арқылы өтуде. Жеңілдетілген пәндер асинхронды форматта өткізілуде.  
Дабыл чемоданының жасақталуы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді
11
қаңтар
2023
Дабыл чемоданының жасақталуы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Мектебімізде оқушыларға төтенше жағдайлар кезіндегі қолданатын дабыл чемоданының жасақталуы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді  
Ағылшын тілінен ІІІ орынға ие болды
10
қаңтар
2023
Ағылшын тілінен ІІІ орынға ие болды
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде 5 А сынып оқушысы Курбанджанова Ипархан ағылшын тілінен ІІІ орынға ие болды.Жетекшісі:Якияева Халидам Билаловна  
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
09
қаңтар
2023
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
  М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектеп кітапханышысының ұйымдастырумен қысқы демалыс кезінде “Кітап оқимыз” атты акциясы аясында мектебіміздің 4 “Б” сынып оқушылары Каримова Гузеля мен Гуламжанова Рабиям кітап оқу арқылы қысқы демалысты тиімді өткізді.   
Әдістемелік бірлестік жетекшілерінің отырысы өткізілді
06
қаңтар
2023
Әдістемелік бірлестік жетекшілерінің отырысы өткізілді
2023 жылдың 4 қаңтар күні М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектепте әдістемелік бірлестік жетекшілерінің отырысы болды. Отырыста бірінші жартыжылдық қортындысы талқыланды.  
«Қазақ тілі мен әдебиет сабағында дебат сабақтар ұйымдастыру" семинары
06
қаңтар
2023
«Қазақ тілі мен әдебиет сабағында дебат сабақтар ұйымдастыру" семинары
2023 жылдың 4 қаңтарда мектебімізде қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Айтмолдина Манар Кырыкбаевна тарапынан «Қазақ тілі мен әдебиет сабағында дебат сабақтар ұйымдастыру арқылы оқушылардың пікірталас шеберлігін қалыптастыру» атты мектепішілік семинар өтті. Семинар білім беру мен тәрбие жүйесіндегі жаңашыл әдіс-тәсілдерді, оқушылардың пікірталас шеберлігін қалыптастыру мақсатында өткізілді. Мектеп ұжымы өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, алғыс айтты.