Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Лагеріміздегі "Эстафета күні"
28
мамыр
2024
Лагеріміздегі "Эстафета күні"
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектеп жанындағы “Лачин” атты лагерьдің екінші күні - “Спорт күні” деп аталып, балалармен эстафеталық ойындар ұйымдастырылды. 🏕️⛺️Мақсаты: ⛱️1. Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге шақыру салауатты өмір салтын қалыптастыру. Эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру. ⛱️2. Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, достық пен ынтымақшылдыққа, инабаттылыққа, елжандылыққа баулу. ⛱️3. Күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту.  
Лагерьдің ашылу салтанаты
27
мамыр
2024
Лагерьдің ашылу салтанаты
Бүгін М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектебінде оқушылардың жазғы демалысын көңілді өткізу үшін мектеп мектеп жанындағы «Лачин» атты жазғы лагерьдің салтанатты ашылуы өткізілді. Ән, бимен басталған бұл іс-шарада мектеп психологы оқушылардың бір-бірін жақсы танып, қоғамдық бейімделуіне ықпалын тигізетін психологиялық жаттығу жасатып, балалардың көңіл күйін көтерді. Алда балаларды қызықты жарыстар, ойындар күтуде.  
Соңғы қоңырау
25
мамыр
2024
Соңғы қоңырау
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектепте «Соңғы қоңырау» салтанатты кеші өтті. Балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алған келесі бір топ түлектер соңғы қоңыраудың үнін естіп, мектеп вальсін билеп, үлкен өмірге қадам басса, келесі мектеп оқушылары сыныптан сыныпқа көшіп, ақылдарына ақыл қосты. Салтанатты жиында Қазақстан Республикасының Гимні орындалып, мемлекеттік Ту ортаға әкелінді.Мектеп директоры Имашев Мухидин Абдухелилұлы жиынды ашу барысында жиналған қауымға құттықтау сөзін айтып,
“Шығармашылық күні”
29
сәуір
2024
“Шығармашылық күні”
“Бес күн - бес іс - шара” жобасы аясында 2 - күн “Шығармашылық күні” 3 - сыныптар арасында “Мен Қазақстан Республикасының патриотымын!” тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Мақсаты: оқушыларды елінің патриоты болуға тәрбиелеу,кітап оқуға қызығушылығын арттыру. [media=https://www.instagram.com/reel/C6Qt61JMeiz/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==]
Салтанатты кездесу өткізілді
28
сәуір
2024
Салтанатты кездесу өткізілді
25 сәуір күні , М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектепте, “Шагирт дилини ойғатқан устаз” тақырыбында ұйғыр тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, ғалым Һакимжан Һәмраевтың 60 жылдық мерейтойына орай салтанатты кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге мектеп әкімшілігі, ұстаздары және оқушылары, сондай-ақ РҰЭМ орталығы жанындағы Ағарту және Әдебиет кеңесі тарапынан кеңес төрағалары Шәмшидин Аюпов және Рәхмәтжан Йүсүповтар қатысты.  
“Үздік сынып жетекші - 2024” байқауы
27
сәуір
2024
“Үздік сынып жетекші - 2024” байқауы
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектепте “Үздік сынып жетекші - 2024” байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – сынып жетекшілердің өзара тәжірибе алмасуына, шығармашылық зертханасын айқындауға, оқушыларға білім берудегі өзгерістерді еркін меңгеруге бағытталған. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарындағы тәрбие ісін жандандыру және шығармашыл жетекшілерді анықтау үшін бұл сайыс жыл сайын ұйымдастырылып отырады.Бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім-тәрбиенің
“Мектеп түлектерінің ағаш отырғызу” акциясы
27
сәуір
2024
“Мектеп түлектерінің ағаш отырғызу” акциясы
“Алматы біздің ортақ үйіміз” науқаны аясында 26.04.2024 күні М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектепте “Мектеп түлектерінің ағаш отырғызу” акциясы өтті. Оған 11 “А” сынып оқушылары белсене қатысып,мектеп ауласына әр оқушы бірден ағаш пен гүл көшетін отырғызды. #АлматыНашОбщийДом #НасМногоГородОдин #АлматыБіздіңОртақҮйіміз #БізКөппізҚалаЖалғыз [media=https://www.instagram.com/reel/C6Nyxlgsz3q/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==]
Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі
26
сәуір
2024
Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі
“Алматы дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастырумен өткізілген жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінен 5-сынып оқушысы қазақ тілі пәнінен Сыдыкжанова Самира 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.Жетекшісі:қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Амутова Кальбинур Шахмуратовна