17
наурыз
2026
Наурызнама
Алматыда Наурызнама аясында тарихи сәт өтті! 🇰🇿🎶
Қалалық деңгейде ұйымдастырылған ерекше шарада 11 500 оқушы бір мезетте домбыра тартып, қазақтың ұлы күйшілерінің күйлерін орындады. Бұл — ұлттық өнеріміздің ұлықталған, рухты көтерген керемет көрінісі!
Осы ауқымды бастамаға Алматы қаласының Алатау ауданы оқушылары да белсенді қатысып, 1800-ге жуық жас домбырашы өз үлесін қосты.