Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
ақпан
2026
  • 0

ДОСБОЛLIKE

«ДОСБОЛLIKE» жобасы аясында 7”Б” сыныбына «Буллингтен қорған» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға буллинг ұғымын түсіндіру, оның түрлері мен зиянын ұғындыру, зорлық-зомбылықтың алдын алу, өзара сыйластық пен достық қарым-қатынасты қалыптастыру. Іс-шара барысында оқушыларға буллингтің түрлері (қорлау, мазақ ету, шеттету, кибербуллинг) туралы түсіндірме берілді. Түрлі жағдаяттық тапсырмалар, пікірталас және сұрақ-жауап әдістері арқылы балалар өз ойларын ортаға салды. Оқушылар буллингтің адам психологиясына кері әсерін түсініп, мұндай жағдайға тап болғанда кімге және қалай жүгіну керектігін білді. Сынып сағаты барысында достық, мейірімділік, бір-бірін қолдау құндылықтары насихатталды. Оқушылар белсенділік танытып, өзара қолдау көрсету, сыйластық сақтау туралы пікірлерін білдірді.


В рамках проекта «ДОСБОЛLIKE» в 7 «Б» классе был проведён классный час на тему «Защити себя от буллинга».

Цель классного часа — объяснить учащимся понятие буллинга, помочь осознать его виды и вред, предупредить насилие, сформировать взаимоуважение и дружеские отношения.

В ходе мероприятия учащимся было разъяснено, какие бывают виды буллинга (оскорбления, насмешки, исключение из коллектива, кибербуллинг). Через ситуационные задания, дискуссию и методы «вопрос–ответ» дети делились своими мыслями. Учащиеся поняли, какое негативное влияние буллинг оказывает на психологическое состояние человека, и узнали, к кому и как обращаться в подобных ситуациях.

Во время классного часа пропагандировались ценности дружбы, доброты и взаимной поддержки. Учащиеся проявили активность и высказали мнение о важности взаимопомощи и уважительного отношения друг к другу.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: