19
қазан
2023
"Эрудит" дебат клубы
Бүгін М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектептің 8-11 сынып оқушыларынан құралған мектепішілік “Эрудит” дебат клубының жиналысы өткізілді. Жиналыс “Пікірсайыс дегеніміз не?Пікірсайыстың түрлері” тақырыбында өткізілді.
Оқушыларға дебат түрлері мен ойын ережелері, қағидаларымен танысты. Балалардың әр қайсысына жеке назар аудара отырып, олардың дебатқа қызығушылықтары мен клубқа келу мақсаттары жайында сөз қозғалды. Дебат жас буындарын бір-біріне жақындастыру мақсатында ашық пікірталас өткізіліп, әлемдегі және Қазақстандағы маңызды тақырыптар талданды. Алдағы уақытта да клуб өз жұмыстарын ары қарай жалғастырып, сабақтар өткізіледі.
