Ұлдар жиналысы өткізілді
Қыркүйек айының 21-ы М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектепте 8-11 сынып оқушыларының ұл балаларына жиналыс өткізілді. Мақсаты: Ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіздік Қазақстанның бүгінгі мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, от басында да, қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер баланы еңбек етуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу. Жиналысқа Шапағат ықшам ауданының активисттері мен мешіттің бас имамы қатысты. Жиналыста ұлдардың тәртібі, сабаққа қатысуы, мектеп формасы, жайлы айтылды. Мектеп директоры мектептің ата-аналармен тығыз байланыста екендігін, бала тәрбиесіндегі басты рөлді атқаратын ата-ана екендігін ерекше атап өтті.


