«Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ»
«Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ» тақырыбында Республикалық сабақ өткізу бойынша іс-шара жоспарына сәйкес М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектепте мұғалімдермен семинар өткізілді.
Мейірімділік - адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді.
Семинардың басын: «Оқушыңды өзіңнің қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең, құр қаталдықтан түк те шықпайды» деген Л.Н.Толстойдың кереметтей сөзімен бастағым келеді. Себебі, өзінің қарапайымдылығымен, мейірімділігімен және сауаттылығымен кез-келген шәкірт жүрегін жаулай білетін сүйікті ұстазым Данембаева Гүлназ Толендина осы шағын ғана мақаламның жарыққа шығуына түрткі болып отыр. Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт-пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді. Осындай қасиеттердің барлығын дерлік- мен осы ұстазымның бойынан көре алдым сөзімен бастадық.
Мақсаты: Мейірімділік, сүйіспеншілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, мейірбандылыққа , адамгершілікке , қайырымдылыққа тәрбиелеу жөнінде бір-бірімен тәжірібе алмасу.