---
Мектебімізде ұйғыр тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Низамдунова Паризат
Мектебімізде ұйғыр тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Низамдунова Паризат Исамдуновна 9 «Б» сыныбына ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында әр тапсырма сайын оқушыларға мадақтау арқылы кері байланыс берілді. Оқушылар берілген тапсырмаларды белсенді түрде орындап, өз қабілеттерін көрсетті. Мұғалім жеке, топтық жұмыстарын ұйымдастыру арқылы өз мақсатына жете білді.