Абай Құнанбайұлының қара сөздеріне арналған челлендж ұйымдастырылды.
М. Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектепте ұлы ойшыл, дана ақын Абай Құнанбайұлының қара сөздеріне арналған челлендж ұйымдастырылды. 📖✨ Бұл іс-шараның мақсаты – оқушыларға Абайдың қара сөздеріндегі өсиет пен өнегені насихаттау, жас ұрпақты адамгершілікке, білімге құштарлыққа және отансүйгіштікке баулу. Челлендж барысында оқушылар ұлы ақынның даналық сөздерін мәнерлеп оқып, терең ойға шомып, заманауи көзқараспен өз түсініктерін ортаға салды. 🌿