О школе » Страница 7 » КГУ "Общеобразовательная школа №150 им.М.Хамраева
Алматы қаласы Управления образованияның
«Общеобразовательная школа №150 имени "М.Хамраева»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Бухгалтерия
+7(727) 245-02-12
Версия для
слабовидящих
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ өткізді
17
май
2023
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ өткізді
М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектепте жас маман, дене шынықтыру пәні мұғалімі З.А.Имашев «Қозғалысты дене қыздыру элементтері» тақырыбында 6 «Б» сыныбына ашық сабақ өтті. Сабақ барысында ұйымдастыру, топпен,жұппен,жеке жұмыстар жүргізілді.Негізгі міндет денешынықтыру жаттығуларын саралау болып табылды.Мұғалім жаттығулардың дұрыс орынлауын қадағалап, әдістемелік ұсыныстар берді.  
«Сөздің көркі – мақал» тақырыбында 7-сыныптар арасында мақал-мәтел сайысы
16
май
2023
«Сөздің көркі – мақал» тақырыбында 7-сыныптар арасында мақал-мәтел
М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектепте ұйғыр тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Хамраева Санам Низамовна тарапынан «Сөздің көркі – мақал» тақырыбында 7-сыныптар арасында мақал-мәтел сайысы өтті. Оқушылар қанша мақал-мәтел білетінін көрсетіп, тіл байлығы мен тапқырлықты паш етті. Мақал-мәтел оқушылардың сөздік қорын байытып қана қоймай, танымын арттырады.  
«Бастауыш сыныптарда белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану" тақырыбында семинар
15
май
2023
«Бастауыш сыныптарда белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану"
М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектепте педагог-сарапшы, бастауыш сынып мұғалімі Якупова Зульмира Валидиновна тарапынан «Бастауыш сыныптарда белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану" тақырыбында жас мамандарға семинар ұйымдастырылды. Мақсаты: оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру. Кәсіби білім, білік, дағдыны дамыту, педагогтің жалпы мәдени дамуын, оның тұлғалық көзқарасын және кәсіби маңызды сапаларын жетілдіру.  
"ЖАСЫЛ МЕКЕН" Республикалық челленджіне қатысты
13
май
2023
"ЖАСЫЛ МЕКЕН" Республикалық челленджіне қатысты
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектеп мұғалімдері мен оқушылары «ЖАСЫЛ МЕКЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ челленджіне қатысты. 13 май күні елорда уақытымен сағат 12:00-де бір мезгілде барлық білім беру ұйымдарында «Жасыл мекен» республикалық челленджі өтті. Бұл іс-шара экологиялық мәдениетті, өлке табиғаты мен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, еңбекқорлықты, қоршаған ортаны көгалдандыруды дамытуға бағытталды.  #оқуағарту   #заботаоприроде   #посадкадерева   #жасылмекен   #еңбекқорлық  
"Менің отбасым" тақырыбында сынып сағаттар өткізілді
12
май
2023
"Менің отбасым" тақырыбында сынып сағаттар өткізілді
Отбасы - адам өміріндегі ең маңызды нәрсе. Отбасы қиналғанда қайғыңмен қуанғанда қуанышыңа ортақ болатын, аяулы жандар. Отбасының тірегі - сүйіспеншілік, бірлік және сенім. Ал бірін - бірі сыйлап, бірін - бірі сүйіспеншілікке бөлеп, отырған отбасы бар адам өте бақытты жан. №150 ЖББ мектебінде «Менің отбасым» тақырыбында сынып сағаттар өткізілді.    
«Жаңа жоба – өмір талабы» атты мектепішілік семинар өтті.
11
май
2023
«Жаңа жоба – өмір талабы» атты мектепішілік семинар өтті.
2023 жылдың 11 май күні мектебімізде физика-информатика пәні мұғалімі Идрисов Садикжан Исмаилович тарапынан «Жаңа жоба – өмір талабы» атты мектепішілік семинар өтті. Семинар білім беру жүйесіндегі жаңашыл әдіс-тәсілдерді қалыптастыру мақсатында өткізілді. Мектеп ұжымы өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, алғыс айтты.  
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ өткізді
08
май
2023
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ өткізді
Мектебімізде эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігі жүргізілуде.Арнайы құрылған жоспар бойынша пән мұғалімдері өздерінің ашық сабақтары мен іс-шараларын өткізуде.Мансуров Данияр Саутович 5«В» сыныбында денешынықтыру пәнінен ашық сабақ көрсетті. Мұғалімнің сабағына жас мамандармен пән мұғалімдер қатысып,тәжірибе алмасты. Сабақта оқушылар топпен жұмыс жасап, жауапкершілікпен және қызығушылықпен берілген тапсырмаларды орындап отырды. Мұғалім сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білді.  
7-май мейрамына орай іс-шара өткізілді
05
май
2023
7-май мейрамына орай іс-шара өткізілді
7 май - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні. Бұл тәуелсіз еліміздің өзіндік қорғаныс қабілеті бар екенін білдіретін мереке. Ендеше егеменді еліміздің отын сөндірмей, қорғаныс жүйемізді бекем ұстап келе жатқан барлық Қазақстан азаматтарын төл мерекелерімен құттықтаймыз. Республикалық Отан қорғаушылар күніне №150 ЖББ мектеп оқушылары мерекелік іс-шара өткізді     
"Жігіт сұлтаны-2023" байқауы өткізілді
05
май
2023
"Жігіт сұлтаны-2023" байқауы өткізілді
Бүгін М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектепте 5-7 сынып оқушылары арасында «Жігіт сұлтаны-2023» атты байқау ұйымдастырылды. Байқауға барлығы 8 оқушы қатысып, бес кезең бойынша өз өнерлерін көрсетті. Оқушылар өздерін таныстырып, өнерлерін паш етті. Сондай-ақ «Білімді мыңды жығар» атты кезеңде оқушылар мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, логикалық сұрақтарға жауап берді. Соңғы кезең  оқушылардың «Менің бір күнім» атты арнайы дайындаған бейнероликтеріне арналды. Байқаудың нәтижесінде: 6 «Б» сынып
Ұйғыр тілі пәнінен ашық сабақ өткізді
04
май
2023
Ұйғыр тілі пәнінен ашық сабақ өткізді
М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектепте ұйғыр тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында ұйғыр тілі пәні мұғалімі Таирова Г.Г. 5 «А» сыныбына "Ана жут"тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім сабағында оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін тиімді пайдаланды. Сабақ барысында топпен жұмыс, жұппен жұмыс жасады.