Қыздар жиналысы » КГУ "Общеобразовательная школа №150 им.М.Хамраева
Алматы қаласы Управления образованияның
«Общеобразовательная школа №150 имени "М.Хамраева»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Бухгалтерия
+7(727) 245-02-12
Версия для
слабовидящих
24
январь
2024
  • 0

Қыздар жиналысы

Мектебімізде 24.01.2024 күні “Қыз бала -ұлттың ұяты ел болашағы” тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Мақсаты: Қыз бала тәрбиесін, қыз баланың әдептіліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың жаршысы екенін айту. Қыз баланы құрметтеп, қастерлей білуге тәрбиелеу. Халықтың ұлттық болмысын сақтай отырып, қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге, олардың денсаулығына, ұлт болашағына, рухани байлығына, тәрбиесіне келтіретін зияны туралы түсінік беру, олардың ішкі және сыртқы жан дүниесінін әдемі де арлы болуына шақыру. Достармен және құрбылармен күнделікті қарым-қатынаста жаман әдеттерден аулақ болу қағидаларын ұстануға тәрбиелеу.
Жиналыс барысында қыздарға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары П.Низамдунова қыз баланың тәртібі туралы түсінік беріп,бейнеролик көрсетсе,мектеп психологы Г.Исмаилова қыз баланың жанашыры анасы екенін,қандай жағдай болмасын анасымен сырын бөліскен,анасының ақылын тыңдаған қыздың өмірінде қиыншылықтар кездеспейтінін айтып өтті. Қыздардың гигиенасы туралы мектебіміздің әлеуметтік педагогы,биология пәнінің мұғалімі Ш.Аширова толығымен түсіндіріп,қыздардың көкей тесті сұрақтарына жауап берді.

[media=https://www.instagram.com/reel/C2gqjvFIJX2/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==]

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

29 сентябрь 2023 Қыздар жиналысы