"Мемлекеттік тіл - менің тілім "
Бүгін М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектепте "Мемлекеттік тіл - менің тілім" тақырыбында пікірталас өткізілді. Іс-шараға 8 сынып оқушылары қатысты. Пікірталас барысында оқушылар мемлекеттік тілдің маңызы, оның қоғамдағы рөлі, тіл саясаты және жастардың тіл мәселесіндегі көзқарастары туралы өз пікірлерін білдірді. Оқушылар қазақ тілінің еліміздің барлық саласында қолданылуын қолдап, оның мәдениет пен ұлттық бірлікті сақтаудағы рөлін атап өтті. Сонымен қатар, пікірталас барысында тілдің дамуы мен