Біз туралы » Страница 7 » КГУ "Общеобразовательная школа №150 им.М.Хамраева
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Сөздің көркі – мақал» тақырыбында 7-сыныптар арасында мақал-мәтел сайысы
16
мамыр
2023
«Сөздің көркі – мақал» тақырыбында 7-сыныптар арасында мақал-мәтел
М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектепте ұйғыр тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Хамраева Санам Низамовна тарапынан «Сөздің көркі – мақал» тақырыбында 7-сыныптар арасында мақал-мәтел сайысы өтті. Оқушылар қанша мақал-мәтел білетінін көрсетіп, тіл байлығы мен тапқырлықты паш етті. Мақал-мәтел оқушылардың сөздік қорын байытып қана қоймай, танымын арттырады.  
«Бастауыш сыныптарда белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану" тақырыбында семинар
15
мамыр
2023
«Бастауыш сыныптарда белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану"
М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектепте педагог-сарапшы, бастауыш сынып мұғалімі Якупова Зульмира Валидиновна тарапынан «Бастауыш сыныптарда белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану" тақырыбында жас мамандарға семинар ұйымдастырылды. Мақсаты: оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру. Кәсіби білім, білік, дағдыны дамыту, педагогтің жалпы мәдени дамуын, оның тұлғалық көзқарасын және кәсіби маңызды сапаларын жетілдіру.  
"ЖАСЫЛ МЕКЕН" Республикалық челленджіне қатысты
13
мамыр
2023
"ЖАСЫЛ МЕКЕН" Республикалық челленджіне қатысты
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектеп мұғалімдері мен оқушылары «ЖАСЫЛ МЕКЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ челленджіне қатысты. 13 мамыр күні елорда уақытымен сағат 12:00-де бір мезгілде барлық білім беру ұйымдарында «Жасыл мекен» республикалық челленджі өтті. Бұл іс-шара экологиялық мәдениетті, өлке табиғаты мен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, еңбекқорлықты, қоршаған ортаны көгалдандыруды дамытуға бағытталды.  #оқуағарту   #заботаоприроде   #посадкадерева   #жасылмекен   #еңбекқорлық  
"Менің отбасым" тақырыбында сынып сағаттар өткізілді
12
мамыр
2023
"Менің отбасым" тақырыбында сынып сағаттар өткізілді
Отбасы - адам өміріндегі ең маңызды нәрсе. Отбасы қиналғанда қайғыңмен қуанғанда қуанышыңа ортақ болатын, аяулы жандар. Отбасының тірегі - сүйіспеншілік, бірлік және сенім. Ал бірін - бірі сыйлап, бірін - бірі сүйіспеншілікке бөлеп, отырған отбасы бар адам өте бақытты жан. №150 ЖББ мектебінде «Менің отбасым» тақырыбында сынып сағаттар өткізілді.    
«Жаңа жоба – өмір талабы» атты мектепішілік семинар өтті.
11
мамыр
2023
«Жаңа жоба – өмір талабы» атты мектепішілік семинар өтті.
2023 жылдың 11 мамыр күні мектебімізде физика-информатика пәні мұғалімі Идрисов Садикжан Исмаилович тарапынан «Жаңа жоба – өмір талабы» атты мектепішілік семинар өтті. Семинар білім беру жүйесіндегі жаңашыл әдіс-тәсілдерді қалыптастыру мақсатында өткізілді. Мектеп ұжымы өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, алғыс айтты.  
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ өткізді
08
мамыр
2023
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ өткізді
Мектебімізде эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігі жүргізілуде.Арнайы құрылған жоспар бойынша пән мұғалімдері өздерінің ашық сабақтары мен іс-шараларын өткізуде.Мансуров Данияр Саутович 5«В» сыныбында денешынықтыру пәнінен ашық сабақ көрсетті. Мұғалімнің сабағына жас мамандармен пән мұғалімдер қатысып,тәжірибе алмасты. Сабақта оқушылар топпен жұмыс жасап, жауапкершілікпен және қызығушылықпен берілген тапсырмаларды орындап отырды. Мұғалім сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білді.  
7-мамыр мейрамына орай іс-шара өткізілді
05
мамыр
2023
7-мамыр мейрамына орай іс-шара өткізілді
7 мамыр - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні. Бұл тәуелсіз еліміздің өзіндік қорғаныс қабілеті бар екенін білдіретін мереке. Ендеше егеменді еліміздің отын сөндірмей, қорғаныс жүйемізді бекем ұстап келе жатқан барлық Қазақстан азаматтарын төл мерекелерімен құттықтаймыз. Республикалық Отан қорғаушылар күніне №150 ЖББ мектеп оқушылары мерекелік іс-шара өткізді     
"Жігіт сұлтаны-2023" байқауы өткізілді
05
мамыр
2023
"Жігіт сұлтаны-2023" байқауы өткізілді
Бүгін М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектепте 5-7 сынып оқушылары арасында «Жігіт сұлтаны-2023» атты байқау ұйымдастырылды. Байқауға барлығы 8 оқушы қатысып, бес кезең бойынша өз өнерлерін көрсетті. Оқушылар өздерін таныстырып, өнерлерін паш етті. Сондай-ақ «Білімді мыңды жығар» атты кезеңде оқушылар мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, логикалық сұрақтарға жауап берді. Соңғы кезең  оқушылардың «Менің бір күнім» атты арнайы дайындаған бейнероликтеріне арналды. Байқаудың нәтижесінде: 6 «Б» сынып
Ұйғыр тілі пәнінен ашық сабақ өткізді
04
мамыр
2023
Ұйғыр тілі пәнінен ашық сабақ өткізді
М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектепте ұйғыр тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында ұйғыр тілі пәні мұғалімі Таирова Г.Г. 5 «А» сыныбына "Ана жут"тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім сабағында оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін тиімді пайдаланды. Сабақ барысында топпен жұмыс, жұппен жұмыс жасады.  
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік және біліктілік дағдыларын қалыптастыру
03
мамыр
2023
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік және біліктілік дағдыларын
М.Хамраев атындағы № 150ЖББ мектепте " Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік және біліктілік дағдыларын қалыптастыру " атты жас мамандарға мектепішілік семинар өткізілді. Семинар педагог_зертеуші Ахметова И.Т тарапынан жоғары деңгейде жүргізіліп, өз тәжірбесімен бөлісіп таныстырды.