"Жігіт сұлтаны-2023" байқауы өткізілді » КГУ "Общеобразовательная школа №150 им.М.Хамраева
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жігіт сұлтаны-2023" байқауы өткізілді
05
мамыр
2023
  • 0

"Жігіт сұлтаны-2023" байқауы өткізілді

Бүгін М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектепте 5-7 сынып оқушылары арасында «Жігіт сұлтаны-2023» атты байқау ұйымдастырылды. Байқауға барлығы 8 оқушы қатысып, бес кезең бойынша өз өнерлерін көрсетті. Оқушылар өздерін таныстырып, өнерлерін паш етті. Сондай-ақ «Білімді мыңды жығар» атты кезеңде оқушылар мақал-мәтелдердің жалғасын тауып,

логикалық сұрақтарға жауап берді. Соңғы кезең  оқушылардың «Менің бір күнім» атты арнайы дайындаған бейнероликтеріне арналды. Байқаудың нәтижесінде:

6 «Б» сынып оқушысы Омаров Мухтар – Гран при

5 «В» сынып оқушысы Абдусаттаров Ислам – 1 орын

6 «А» сынып оқушысы Касимжанов Муслим – 2 орын

5 «Б» сынып оқушысы Ниязов Имран – 3 орынға ие болса, 7 «Б» сынып оқушысы Аюпов Садир «Сегіз қырлы, бір сырлы», 7 «А» сынып оқушысы Нуршанов Абдурахман «Чәбдас», 5 «А» сынып оқушысы Амраев Аршидин «Сумбатлиқ жигит» номинацияларына ие болды.

Барлық қатысушыларды құттықтаймыз!

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: