Ақпарат » Страница 7 » КГУ "Общеобразовательная школа №150 им.М.Хамраева
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Үнемділік - ырыс, ысрапшылдық - шығыс”
10
ақпан
2024
“Үнемділік - ырыс, ысрапшылдық - шығыс”
“Салауатты тамақтану мектебі” атты жалпыаудандық акциясы бойынша “Үнемділік - ырыс, ысрапшылдық - шығыс” тақырыбы бойынша 3 “А” және 3 “Б” сыныптарының оқушыларына астың қадірін, салауатты өмір салтын ұстануға, дұрыс тамақтануға, үнемділікке, ысрапшылдыққа жол бермеуге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. [media=https://www.instagram.com/reel/C3Ie2GcMW4S/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==]
Экология күні
09
ақпан
2024
Экология күні
“Бес күн-бес іс-шара” жобасы аясында 4-күн “Экология күні” 4-сынып оқушылары қалдық заттарды қайта өңдеу мақсатында өздері су ішетін стаканға дүниетану сабағында танысып жүрген дәнді-дақылдармен,жеміс-жидектердің дәнін екті. Мақсаты:оқушыларды экологияны таза ұстауға,өз қолымен еңбек етуге үйрету. [media=https://www.instagram.com/reel/C3HBwhgo8ah/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==]
“Ұлттық құндылықтар күні”
09
ақпан
2024
“Ұлттық құндылықтар күні”
“ Бес күн-бес іс-шара” жобасы аясында 3-күн “ Ұлттық құндылықтар күні” 7-сынып оқушылары мен мұғалімдері қазақ халқының ұлттық киімін дәріптеді. Мақсаты: оқушыларымызды ұлттық құндылықтарымызды сақтап,ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруға үйрету. [media=https://www.instagram.com/reel/C3GD0eVMpZI/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==]
Патриоттық күн
08
ақпан
2024
Патриоттық күн
“Бес күн - бес іс - шара” жобасы аясында 1-күн “Патриоттық күн” бойынша, мектебіміздің 3-сынып оқушылары 2-сыныптардан “Әнұран айту” челленджін қабылдап 4-сыныптарға жолдады. Оқушылар “Патриот” сөзінің мағынасына кеңінен тоқталып, өз сезімдерімен бөлісті. Мақсаты: еліміздің мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсету, өз Отанына деген қадір - қасиет сезімін қалыптастыру.[media=https://www.instagram.com/reel/C3EnUyiorDu/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==]
“Асханадағы ас мәзірі”
08
ақпан
2024
“Асханадағы ас мәзірі”
“Салауатты тамақтану мектебі” жалпы аудандық акция аясында мектепте “ Асханадағы ас мәзірі” тақрыбында 2 “А” сынып оқушыларына дәнді дақылдар туралы баяндама таныстырылды. Мақсаты: оқушыларға дәнді дақылдардың пайдасы, дәндерінің құрылысы туралы толық мәлімет беру; Оқушылардың асқа деген тәбетін ашу;[media=https://www.instagram.com/reel/C3DakRbslwU/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==]
“ Шакен Аймановтың туғанына 110 жыл”
07
ақпан
2024
“ Шакен Аймановтың туғанына 110 жыл”
М.Хамраев атындағы 150 жалпы білім беретін мектепте “ Шакен Аймановтың туғанына 110 жыл” тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Оқушылар «Менің атым Қожа» фильмінің үзінділерін тамашалап, фильмнен қалай сабақ алу керектігін өз ойларымен толықтырды. Оқушылар режиссердің өмірбаянымен және шығармашылығымен танысып, Шәкен Аймановтың таңғажайып кино әлеміне барып қайтқандай болды.[media=https://www.instagram.com/reel/C3A4wyBMvDk/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==]
Оқушымыздың жетістігі
07
ақпан
2024
Оқушымыздың жетістігі
Алматы қалалық Ушу Саньда және Кунг фу спорты 45кг салмақтағы жасөспірімдер арасында өткізілген турнирде М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектептің 9 “В” сынып оқушысы Аспаров Дильяр 2 орынға ие болды. Құттықтаймыз!  
Ашық есік күні
07
ақпан
2024
Ашық есік күні
“Салауатты тамақтану мектебі” атты жалпыаудандык акциясы бойынша асханада ата-аналарға “Ашық есік күні” ұйымдастырылды. Іс -шараның мақсаты:Бастауыш сынып оқушыларының бір мезгіл тамақпен қамтылуы , дайындалған астың ас мәзірімен сәйкестігі , оның сапасын анықтау.[media=https://www.instagram.com/p/C3AbglSMKQM/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==]
Ашық есік күні
07
ақпан
2024
Ашық есік күні
“Салауатты тамақтану мектебі” атты жалпыаудандык акциясы бойынша асханада ата-аналарға “Ашық есік күні” ұйымдастырылды. Іс -шараның мақсаты:Бастауыш сынып оқушыларының бір мезгіл тамақпен қамтылуы , дайындалған астың ас мәзірімен сәйкестігі , оның сапасын анықтау.[media=https://www.instagram.com/p/C3AbglSMKQM/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==]
"Дені саудың- жаны сау"
07
ақпан
2024
"Дені саудың- жаны сау"
05.02.2024 күні "Салауатты тамақтану мектебі" жалпы аудандық айлық акциясы аясында "Дені саудың- жаны сау"тақырыбында 2-сынып оқушыларына медбикемен кездесу өткізілді. Мақсаты: Балаларға көкөністер мен жеміс-жидектердің адам денсаулығына пайдасы жайлы түсіндіру. Олардың құрамы дәрумендерге бай екендігін, тұмау мен суық тию ауруына шалдықпаудағы күресудің жолы екенін көрсету.[media=https://www.instagram.com/reel/C3AT4MMMLxS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==]