Ақпарат » Страница 5 » КГУ "Общеобразовательная школа №150 им.М.Хамраева
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
Патриоттық күн
11
наурыз
2024
Патриоттық күн
“Бес күн-бес іс-шара” жобасы аясында 1-күн “Патриоттық күні” 6-сынып оқушылары әнұранды орындады. Мақсаты: оқушыларда патриоттық тәрбиені қалыптастыру,оқушы бойында еліне деген жауапкершілікті ояту.
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні
07
наурыз
2024
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні
Жыл сайын 8-наурыз күні Халықаралық әйелдер мерекесін әр біріміз әдемі гүлдермен, қымбат сыйлықтармен тойлауды әдетке айналдырдық. Бүгінгі күні 8-наурыз мерекесінде біздің мектептің оқушылары мен мұғалімдері де әдеттегідей мерекені жоғары дәрежеде жақсы көңіл-күймен қарсы алды. Мерекелік іс-шарада оқушыларымыз қонақтарымызға әсем ән мен би тарту етсе, мектеп мұғалімдері ізгі-тілектерін арнады.
Олимпиада жеңімпаздары
07
наурыз
2024
Олимпиада жеңімпаздары
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің жүлдегерлері: қазақ тілі мен әдебиет 5-сынып оқушысы Аблизова Эльнара ІІІ ооын, жетекшісі: Айтмолдина М.А. ағылшын тілі 6-сынып оқушысы Курбанджанова Ипархан ІІІ орын,жетекшісі: Зунунова Г.М. ағылшын тілі 5-сынып оқушысы Ахунжанова Русалина ІІІ орын, жетекшісі: ЗунуноваГ.М. қазақ тілі мен әдебиет 5-сынып оқушысы Сыдыкжанова Самира І орын жүлдегері атанып қалалық олимпиадаға жолдама
“Үздік тәлімгер-2024”
06
наурыз
2024
“Үздік тәлімгер-2024”
Жақында № 1 Оқушылар үйінде Алатау ауданы аға тәлімгерлері арасында “Үздік тәлімгер-2024” атты байқау өткізілді. Байқауға М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектептің аға тәлімгері Хашимжан Р.А. қатысып, бас жүлдеге ие болды. Құттықтаймыз!💐  
Мақтау Грамотасымен марапатталды
05
наурыз
2024
Мақтау Грамотасымен марапатталды
Білім алушылардың білімі мен шығармашылықтарын арттыру аясында ұйымдастырылған аудандық байқаулар мен іс-шараларға атсалысып, қоғамдық белсенділік танытқаны үшін мектеп мұғалімдері Зиявдинов И.Ш, Алаева Л.А.,Зунунова Г.М., Рахманова А.А., Ясунова З.М Алатау ауданы білім бөлімінің Мақтау Грамотасымен марапатталды.  
“ Ана тилим-әждатлар мираси” тақырыбында онкүндіктің ашылу салтанаты өткізілді.
25
ақпан
2024
“ Ана тилим-әждатлар мираси” тақырыбында онкүндіктің ашылу салтанаты
М.Хамраев атындағы 150 жалпы білім беретін мектепте ұйғыр тілі мен әдебиеті пәндерінің “ Ана тилим-әждатлар мираси” тақырыбында онкүндіктің ашылу салтанаты өткізілді. Мақсаты: ұйғыр тілі мен әдебиеті пәндерін сапалы оқыту,білім алушылардың білімін шыңдау және пәнге деген қызығушылығын арттыру. Ашылу салтанатында онкүндіктің жұмыс жоспары таныстырылып, соңы оқушылардың ән,билерімен жалғасты
Оқушыларымыз БАҚ-та
23
ақпан
2024
Оқушыларымыз БАҚ-та
М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектептің 10 сынып оқушысы Абдулжанова Ильминур АӘД пәні бойынша үлгерімі жоғары дәрежеде болып, пән мұғалімі Баратов Р.И. жетекшілігінде автоматты бөлшектеу және жинауда өзінің қабілетін Еуразия телеарнасында паш етті.
Жалпықалалық сейсможаттығу
22
ақпан
2024
Жалпықалалық сейсможаттығу
22.02.2024ж. күні сағат 10:00-де жалпықалалық сейсможаттығу өткізілді. Сейсможаттығуға М.Хамраев атындағы 150 ЖББ мектептің әкімшілігі, ұстаздары және 1 ауысым оқушылары қатысты. Дабыл соғылысымен, мектепте құтқарушылар дереу келіп жетеді. Осы көріністі негізге алып, оқу жаттығуы көрсетілді. Сондай-ақ, оқушыларға дабыл шабаданы туралы түсінік берілді.
“Талапты ұстазға-талантты шәкірт”
21
ақпан
2024
“Талапты ұстазға-талантты шәкірт”
“Бес күн-бес іс -шара” жобасы аясында 2-күн “Шығармашылық күні” 9-сынып оқушылары мен сынып жетекшілерінің ұйымдасытруымен 5-11-сынып оқушылары мен сынып жетекшілерінің қатысуымен “Талапты ұстазға-талантты шәкірт” тақырыбында байқау өткізілді. Мақсаты: мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты нығайту,бала бойындағы дарындылықты мұғалім көмегімен жандандыру. Байқау шарттары: 1-кезең: таныстыру 2-кезең: өнер көрсету 3-кезең: мұғалім мен оқушы бірге қол өнерін көрсетеді. Байқау кезеңдері бойынша
Спорттық күн
20
ақпан
2024
Спорттық күн
“Бес күн-бес іс-шара” жобасы аясында 5-күн “Спорттық күн” негізінде 2-сынып оқушылары денсаулықтың кепілі спорт екенін өздерінің спортқа болған қызығушылығымен көрсете білді. Мақсаты: оқушыларға денсаулықты сақтау өз қолында екенін түсіндіру,жеке жаттығуларды орындауға үйрету. Оқушылар дене жаттығуларын орындап болғаннан кейін ұлттық ойын “Тоғызқұмалақ” ойынының шартымен танысып,кезектесіп ойнады.