«Оқыту мақсаттары негізінде сабақты ұтымды ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізді » КГУ "Общеобразовательная школа №150 им.М.Хамраева
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқыту мақсаттары негізінде сабақты ұтымды ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізді
13
қараша
2021
  • 0

«Оқыту мақсаттары негізінде сабақты ұтымды ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізді

Бүгінгі күнде еліміздің білім беру жүйесінде жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкес көптеген реформалар жүзеге асырылуда. Бұл реформалардың мақсаты мұғалімдер заман талабына лайықты өз білімін қалыптастыруы және жетілдіруі, яғни үздіксіз курстардан өтіп, семинар, вебинарларға қатысуы тиіс. Осындай іс-шаралардан М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріде тыс қалмады.
2021-жылы 11-мамыр күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің шығыс филологиясы және аударма кафедрасы мен М.Хамраев атындағы №150 ЖББ мектеп мұғалімдер арасында ғылыми-методикалық және тәжірбиелік қатынас орнату мақсатында екіжақты келісімшартқа қол қойылған еді. Келісімшарт негізінде университет доценті филология ғылымдарының кандидаты Руслан Арзиев мектеп ұстаздарына «Оқыту мақсаттары негізінде сабақты ұтымды ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізді. Семинарда Р.Арзиев бүгінгі күнде сабақтың ұтымды өткізуде оқыту мақсаттарын дұрыс талдау оқушының оқу материалын дұрыс қалыптастыру ғана емес, сондай-ақ оқушыларды жеке білім алуға, қабілеті жоғары, ақыл-парасаты жетілген тұлғаның қалыптасуына негіз болатындығына тоқталды. Сондай-ақ семинар кезінде Р.Арзиев мұғалімдердің білім беру барысында кездесетін қиыншылықтар,оларды шешу жолдары туралы берген сұрақтарына анық жауап берді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: