«Нашақорлық – қауіпті індет, алдын алу - міндет » тақырыбында мектеп инспекторымен сұхбат » КГУ "Общеобразовательная школа №150 им.М.Хамраева
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Хамраев атындағы №150 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-59-10
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-02-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Нашақорлық – қауіпті індет, алдын алу - міндет » тақырыбында мектеп инспекторымен сұхбат
16
қараша
2021
  • 0

«Нашақорлық – қауіпті індет, алдын алу - міндет » тақырыбында мектеп инспекторымен сұхбат

М. Хамраев атындағы №150 мектебінде 16.11.2021-жылы мектеп инспекторы А.Бапанов Абылай Бейсембайұлы кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында «Нашақорлық – қауіпті індет, алдын алу - міндет » тақырыбында және жат қылықтардан аулақ болу туралы 8-11-сынып оқушылары арасында сұхбат өткізді.
Мақсаты: Оқушыларға темекі, арақ, есірткінің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу.
Салауатты өмір салты дегеніміз не екенін түсіндіріп, ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу керектігін айтіп, шылым шегу, нашақорлық. жат қылықтардан аулақ болуға, салауатты өмір салтын насихаттау керек екендігін айтты.
Есірткі - адамның санасын жаулап қана қоймай, әрдайым өзіне еліктіретін бір қасиеті бар химиялық зат екендігін түсіндірді.
Нашақорлыққа берілмей, қызыққа толы өмірдің парасатты азаматы болуға ұмтылайық деген ой-пікірді алға жетеледі!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: