«Абай қара сөздері» атты аудандық байқауға қатысты
«Қара сөздер» немесе «Сөз кітабы» - қазақ ақыны, ағартушы Абайдың іргелі туындысы. Бұл прозалық поэма 45 қысқа астарлы әңгімелерден және философиялық трактаттардан тұрады. Аталған шығармада ұлттық тәрбие мен дүниетаным, мораль мен құқық, Қазақ тарихының мәселелері көтеріледі. Жақында Алматы қаласы, Алатау ауданы 185 ЖББ мектебінде «Абай қара сөздері» атты аудандық байқау өткізілді. Байқауға мектебіміздің 5 “А” сынып оқушысы Махаметов Самир қатысып, алғыс хатпен марапатталды. Байқаудың мақсаты: